ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Оқу жылы мен оқушылардың демалыс мерзімдері бекіті...

Оқу жылы мен оқушылардың демалыс мерзімдері бекітілді

Әлеумет 14.08.2025, 15:02 605
Оқу жылы мен оқушылардың демалыс мерзімдері бекітілді
Gov.kz
Бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 25 мамырға дейін.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың қорытынды аттестациясын өткізу мерзімдерін айқындады.

1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:

1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 27 қазаннан бастап 2 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2026 жылғы 19-29 наурызды қоса алғанда);
1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы 9-15 ақпанды қоса алғанда):

4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
Қорытынды аттестация мерзімдері:

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2026 жылғы 29 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;
11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2026 жылғы 2-15 маусым аралығында.

Емтихандар кестесі:

9 (10)-сынып оқушылары үшін:

математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамыр;
таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 3 маусым;
қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептерде ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан, ал гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептерде – мақала, әңгіме немесе эссе жазу – 2026 жылғы 8 маусым;
орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 11 маусым.
11 (12) сыныптар:

Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан – 2026 жылғы 2 маусым;
алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 5 маусым;
қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептерде ана тілі (оқыту тілі) пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 9 маусым;
таңдау пәнінен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) жазбаша емтихан – 2026 жылғы 12 маусым;
өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 15 маусым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.