ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқу-ағарту министрі еліміздің білім беру саласына...

Оқу-ағарту министрі еліміздің білім беру саласына еңбегі сіңген ұстаздармен кездесті

Білім және ғылым 28.03.2024, 03:15 984
Оқу-ағарту министрі еліміздің білім беру саласына еңбегі сіңген ұстаздармен кездесті
Сурет: Gov.kz
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің құрметті педагогтері, «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарының иегерлерімен кездесті.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің құрметті педагогтері, «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарының иегерлерімен кездесті.


Олардың қатарында Аягүл Миразова, Алина Соловьева, Алма Шукыжанова сияқты еліміздегі білім беру жүйесінің қалыптасу жолында еңбегі сіңген есімдері елеулі тұлғалар да бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 



Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Төреқызының айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауының арқасында елімізде педагог мәртебесіне ерекше көңіл бөлінуде. Дегенмен жүйені жетілдіру үшін оны үздіксіз дамыту қажет. Ұстаз әр мұғалімнің басты міндеті - баланың рухани-адамгершілігі жоғары тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету деп санайды.



«Біздің мойнымызда үлкен жауапкершілік - еліміздің болашағы тұр. Сондықтан, жас ұстаздар академиялық білімді дамытып қана қоймай, балаларды адами қасиеттер мен моральдық принциптерге сәйкес тәрбиелеуі қажет деп санаймын. Президент ұлттық құрылтайда басымдық берген құндылықтар – барлық педагогикалық және ата-аналар қауымдастығы үшін темірқазыққа айналуы тиіс», - деп атап өтті Аягүл Миразова.


Өз кезегінде министр ұстаздарға ерен еңбегі мен балаларға деген сүйіспеншілігі және жанашырлығы үшін алғыс білдірді. Олардың үздік тәжірибелері мен парасат-пайымдары өңірлерде таратылуы керектігін айтты.



«Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім болу – мансап емес, жоғарыдан берілген сый» деп айтқан. Мұғалімнің еңбегі көпқырлы әрі жан-жақты, оңай емес. Ал қазіргі педагог – ол барлық әріптестері үшін көшбасшы және үлгі болуы тиіс. «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған мұғалімдер мектепті басқару мәселелеріне, тәрбие ісіне салалық кәсіби сарапшы ретінде қатысуы қажет», – деді Ғани Бейсембаев.


Оқу-ағарту министрі соңғы жылдардағы білім берудегі оң өзгерістерге тоқталды. Бұл жалақы көлемін ұлғайту, жүктемені азайту, кәсіби біліктілікті арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және т. б. Атап өтсек, бүгінгі таңда еліміздің 2906 мектебінде балалар бір ауысымда білім алуда.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы елімізде алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасын бекітті. 2021 жылдан бері 46 педагог осы марапаттың иегері, ал үш педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағын иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.