ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқу-ағарту министрі балалармен бірге күй орындады

Оқу-ағарту министрі балалармен бірге күй орындады

Білім және ғылым 22.03.2024, 07:46 1,263
Оқу-ағарту министрі балалармен бірге күй орындады
Сурет: Gov.kz
Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында бірер күн бұрын  #Күйкүмбірі республикалық челленджі өтті.

Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында бірер күн бұрын  #Күйкүмбірі республикалық челленджі өтті.


Бір уақытта екі миллионға жуық бала Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанадағы Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі оқушыларының қатарына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қосылды. Челлендж қатысушыларына арнаған сөзінде ведомство басшысы соңғы уақытта елімізде домбырада ойнағысы келетіндердің саны едәуір артқанын атап өтті.



«Көнеден келе жатқан бұл ұлттық аспабымыз халқымыздың жанын, оның дәстүрі мен мәдениетін бейнелейді. Ұлттың рухын көтеріп, даңқын асқақтатқан домбыра біздің баға жетпес байлығымыз бен ұлттық символымызға айналды. Біздің оқушыларымыз, олармен бірге балабақшалардың кішкентай тәрбиеленушілері, колледж студенттері ұлттық аспапта ойнауға қызығушылық танытатыны қуантады. Бүгінде еліміздің әр өңірінде бір мезетте күйлер мен танымал композиторлардың шығармалары шырқалды. Олардың туындылары арқылы біздің мәдени құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Біздің өскелең ұрпақ осы киелі өнерді ұлықтауды лайықты түрде жалғастырады деп сенемін", - деді Ғани Бейсембаев.



Челлендж соңында министр мектептің 300 оқушысымен бірге халық күйін орындады.



Мерекелік эстафетаға екі миллионға жуық қазақстандық бала қосылды. Ең кішкентайлары - Абай облысы, Семей қаласындағы «Бақыт» балабақшасының тәрбиеленушілері.


Естеріңізге сала кетейік, домбырашылар челленджі Әз-Наурыз қарсаңында ұйымдастырылатын кең ауқымды республикалық акция. Ол былтыр алғаш рет министрліктің бастамасымен өткізілген болатын. Тек соңғы бір жылдың өзінде елімізде домбыра үйірмелерінің саны 5 есе артты. Бүгінгі таңда барлығы 2 мың үйірме жұмыс істейді. Оған 100 мыңнан астам жас домбырашы қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.