AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқу-ағарту министрі ауылдық мектептердің жас ұстаз...

Оқу-ағарту министрі ауылдық мектептердің жас ұстаздарымен кездесті

Білім және ғылым 19.08.2024, 11:55 1,210 dulatbekova
Оқу-ағарту министрі ауылдық мектептердің жас ұстаздарымен кездесті
Сурет: Gov.kz

Елордада NIS педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» республикалық форумы өтті.

Кездесуде еліміздің шалғай елді мекендерінен келген 300-ден астам жас педагог бас қосты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Бейресми форматта өткен жиында педагогтер министрге өздерінің сұрақтарын қойып, білім саласындағы маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты. Ғани Бейсембаев өскелең ұрпақтың болашағын қалауға үлес қосатын педагог мамандығының маңыздылығын атап өтті.

 «Педагог мамандығы – бұл қызмет қана емес, еліміздің болашағын қалыптастыру жолындағы абыройлы міндет. Біз балаларымыздың оқуы мен дамуы үшін ең жақсы жағдайды қамтамасыз етуіміз керек», – деді министр.

 Сондай-ақ министр ұстаздық етудің маңызды басымдықтарын, оның ішінде балалармен жұмыс жасау, психологиялық ерекшеліктерді тану, білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдану, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және эмоционалдық интеллектті дамыту туралы мәселелерге тоқталды. Мектеп қабырғасында достық орта қалыптастыру мен педагогикалық қызметте жаңа зерттеулер жасаудың жай-күйіне аса назар аударылды.

Форум жас мамандардың ынта-жігерін арттыру және өз табыс тарихымен бөліскен білім беру саласындағы жетекші мамандармен тәжірибе алмасу үшін үлкен мүмкіндік алаңына айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас ұстаздар #министрмен кездесу #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);