AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Оқитын ұлт»: Алматыда Қала күніне орай сауда орта...

«Оқитын ұлт»: Алматыда Қала күніне орай сауда орталығындағы екінші кітап беру пункті ашылды

Мәдени Алматы 10.09.2026, 17:24 378
«Оқитын ұлт»: Алматыда Қала күніне орай сауда орталығындағы екінші кітап беру пункті ашылды
Алматы әкімдігі

Қазір кітап беру пунктінің қорында 2 мыңнан астам кітап бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Алмалы ауданындағы Тастақ шағынауданында орналасқан «Асыл» сауда орталығында Қала күні аясында қалалық кітапханалардың жаңа кітап беру пункті ашылды.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқитын ұлт» жобасы аясында, қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – кітапты қала тұрғындарына барынша қолжетімді ету, оқуға деген қызығушылықты арттыру және кітап оқу мәдениетін дамыту.

Кітап беру пунктінің ашылу рәсіміне Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Олжас Құрманбекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын әрі жазушы Бейбіт Сарыбай, журналист әрі жазушы Баян Болатханова, мәдениет саласының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында шығармашылық зиялы қауым өкілдері кітаптың адам өмірі мен қоғамдағы рөліне тоқталып, әдебиетті көпшілікке жақындатудың және кітап оқуға деген қызығушылықты арттырудың маңызын атап өтті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан кітап беру пунктінің сауда орталығында ашылуы тұрғындар үшін маңызды екенін айтты.

«Бүгін Алмалы ауданында тұрғындар үшін маңызды әрі қолжетімді мәдени кеңістік ашылып отыр. Көпшілік жиі келетін сауда орталығына кітапхананы жақындату – кітап оқуды күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыруға бағытталған жақсы бастама. Осындай жобалардың көбеюі тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітап оқу мәдениетінің одан әрі дамуына ықпал етеді деп сенемін», – деді Сәуле Досжан.

Бұған дейін «Адем» сауда орталығында алғашқы кітап беру пункті ашылған болатын. Тұрғындар мен кәсіпкерлер тарапынан қолдау тауып, оқырмандардың қызығушылығын арттырған бастама енді қаланың басқа аудандарында да жалғасын табады. Алдағы уақытта осындай кітап беру пункттерін өзге сауда орталықтарында ашу жоспарланған.

Жаңа кітап беру пунктінің ашылуын жергілікті кәсіпкерлер де жылы қабылдады.

«Жұмыс орнымызда кітап беру пунктінің ашылғанына қуаныштымын. Мұнда мотивациялық және кәсіби кітаптарды алып оқуға, сондай-ақ кәсібімізді дамытуға көмектесетін әдебиеттермен танысуға мүмкіндік бар. Меніңше, бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Осындай игі бастама үшін Алматы әкімдігі мен қалалық кітапханаларға мың алғыс!» – деді кәсіпкер Азамат Іңкәров.

Қазір кітап беру пунктінің қорында 2 мыңнан астам кітап бар. Оқырмандар көркем әдебиеттен бастап балаларға арналған және танымдық басылымдарға дейін талғамына сай кітап таңдай алады.

Жаңа кітап беру пункті сәрсенбі мен дүйсенбі аралығында сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Сейсенбі – демалыс күні.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);