ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хеге рақы...

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хеге рақымшылыққа ілінді

Әлем 24.12.2021, 08:01 1,317
Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хеге рақымшылыққа ілінді
Сурет: Кommersant.ru
Енді экс-президент бостандыққа шығады

Енді экс-президент бостандыққа шығады


Корея Республикасының билігі сыбайлас жемқорлық және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 22 жылға сотталған бұрынғы президент Пак Кын Хеге рақымшылық жасайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Агенттік мәліметінше, 69 жастағы Пак Кын Хе жаңа жыл қарсаңында рақымшылыққа ілінетін адамдардың тізіміне енгізілген.


Тиісті шешім оның денсаулық жағдайын ескере отырып, гуманитарлық себептермен қабылданған. 2019 жылы Пак Кын Хе иығына ота жасатқан, ал биыл экс-президент иық пен омыртқадағы созылмалы ауруға байланысты үш рет ауруханаға түскен. Пак Кын Хе төңірегіндегі саяси жанжал 2016 жылдың қазан айында оның құрбысы Чхве Сун Сильдің мемлекет басшысына әсері туралы ақпарат баспасөзде пайда болған кезде туды. Жанжалға қатысты тергеу оның бірнеше жыл бойы үкіметтің егжей-тегжейінен хабардар болып, саяси шешімдер қабылдауға араласқанын көрсетті.


Сонымен қатар, президенттің құрбысы бірқатар компанияларға қысым көрсетіп, оның қарамағындағы қорларға ондаған миллион доллар аударуға мәжбүрлеген.


Сыбайлас жемқорлық фактілері және Чхве Сун Сильдің мемлекеттік қызметке заңсыз қатысу әрекеттері анықталғаннан кейін бүкіл елде ірі шерулер толқыны өтіп, оған қатысушылар президенттің дереу отставкаға кетуін жақтады.


Парламент шешімімен Пак Кын Хе қызметінен босатылып, кейін қамауға алынды. Оңтүстік Корея сарапшыларының пікірінше, елдің бұрынғы көшбасшысының босатылуы келесі жылдың наурыз айындағы президенттік сайлауға әсер етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.