Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығары...

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатыр деген ақпарат жалған - СІМ

Әлеумет 31.03.2023, 16:17 1,173
Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатыр деген  ақпарат жалған - СІМ
Сурет: Qadam.asia

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатқаны жайлы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.




Бұған дейін әлеуметтік желіде Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін отандастарымыз жұмыстан шығарылып жатқаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Бұл – жалған ақпарат», - деп жауап берді Айбек Смадияров.



Сондай-ақ СІМ ресми өкілі Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен екі қазақстандықтың тағдырына қатысты жергілікті полициядан хабар күтіп отырғанын жеткізді.


Еске сала кетсек, бұдан бұрын Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шығып, олардың біреуі ұсталғаны  хабарланған болатын. Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев екені айтылады. Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған. Теджон халық аралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған. 


Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен отандасымызға іздеу жарияланғанын мәлім етті. 


Оңтүстік Корея билігі іздеудегі қазақстандықты ұстап берген адамға 10 млн теңге сыйақы берілетінін жариялаған.


29 наурызда Нұрсұлтан Ырысбаевтың полицияға өз еркімен берілгені белгілі болды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#СІМ #мәлімдеме #Оңтүстік Корея #қазақстандықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.