Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Онлайн-казино ұйымдастырушылар 2 жылға дейін бас б...

Онлайн-казино ұйымдастырушылар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

Әлеумет 05.06.2024, 14:20 732
Онлайн-казино ұйымдастырушылар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады
Сурет: Dubna.ru

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

«Өздеріңіз білетіндей, бұл ең көп талқыланған заң жобасы болды. Оның көтеріліп, заң жобасы ретінде әзірленіп, үздіксіз талқыланып келе жатқанының өзіне 2 жылдың жүзі толды. Үкіметтің қорытындысын алудың өзіне 1,5 жылдай уақыт кетті. Қоғамдық диалог алаңдарында да, Парламент қабырғасында да кеңінен талқыланды. Бұл осы мәселенің аса өзекті екендігін көрсетеді. Бұған Мемлекет басшысының өзі бірнеше рет арнайы тоқталып, оны ауыздықтау жөнінде нақты тапсырма берді», - деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Оның айтуынша, заң аясында құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға шектеу қойылған адамдардың тізімі анықталды. Құмар ойындарға өзіне-өзі тыйым салудың мерзімі бір жылдан 10 жылға дейін ұлғайтылды. Енді, өзіне тыйым салынған мерзімді ерте тоқтату мүмкін болмайды.

«Егер адам ойнағысы келсе де, ойнай алмаса, онда бұл оның жауапкершілігі. Өйткені ол өзін-өзі шектеу құжатына қол қойған кезде барлық заңды міндеттемелерді саналы түрде қабылдаған еді», - деді депутат.

Мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары бәс тіге алмайды. Бұл шамамен 280 мың адам. Оларға ешқандай ескерту болмайды. Яғни бәс тіккен жағдайда бірден жұмыстан шығарылады.

Мұнымен қоса, байланыс операторларына құмар ойындардың жарнамасы бар хабарламаларды жіберуіне тыйым салынды. Сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалау барынша шектелген.

Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет ресурстарына, онлайн-казиноларға тыйым салынды. Енді онлайн-казиноларды ұйымдастырушыларды 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ескерілген, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#букмекерлік кеңсе #Онлайн-казино #қылмыстық жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.