Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Өнегелі ұрпақ»: алматылықтар ардагерлердің, жалғы...

«Өнегелі ұрпақ»: алматылықтар ардагерлердің, жалғызбасты зейнеткерлердің аулаларын көркейтуге көмектесті

Әлеумет 30.04.2024, 13:45 1,016
«Өнегелі ұрпақ»: алматылықтар ардагерлердің, жалғызбасты зейнеткерлердің аулаларын көркейтуге көмектесті
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Өнегелі ұрпақ» науқанын өткізді.


Мегаполисте бірнеше күн қатарынан өтіп жатқан акцияның мақсаты – қаланың жеке секторында тұратын жалғызбасты зейнеткерлер мен ерекше қажеттіліктері бар қарт адамдардың аула аумақтарын тазалауға және көркейтуге көмек көрсету, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгін, волентерлар мен қоғам белсенділері  Алмалы ауданында тұратын зейнеткер Алевтина Цойға көмектесті. Олар аула ішіндегі қоқыстарды тазалап, көше сыпырып, өсіп кеткен шөптерді шауып, гүлдердің түбін қопсытты.




«Белсенділер ардагерлеріміздің аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарып, қарттарымызға жайлы жағдай жасауға тырысты. Біз осындай азғантай ғана жұмысымыз арқылы олардың көңілін көтердік деген үміттеміз», – деп бөлісті Алматы қаласы еріктілер фронт-офисінің басшысы Бағдат Анарбаева.



Науқан барысында ардагерлер, жалғызбасты зейнеткерлер, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 115 үйдің аулаларын жинауға 876 волонтерлар мен белсенділер атсалысты. Жеке үйлердің аулалары жиналып, қоршаулары боялды. Аула ішіндегі ағаштар бұталып, түптері ағартылды. Сонымен қатар гүл отырғызылып, аула ішіндегі өзге де жөндеу жұмыстары жүргізілді. 


Қаланың қай ауданында қанша ерікті жұмыс істеді?:


Алатау ауданы - 15 үй, 96 ерікті, 
Түрксіб ауданы - 13 үй, 98 волонтер,
Алмалы ауданы - 49 үй, 300 ерікті, 
Жетісу ауданы - 8 үй, 42 волонтер, 
Бостандық ауданы - 7 үй, 37 ерікті, 
Әуезов ауданы - 10 үй, 150 ерікті, 
Наурызбай ауданы-13 үй, 153 ерікті жұмылдырылды. 



«Бұл науқан осымен тоқтап қалмайды. Әрі қарай жалғасын табады. Тағы 93 үйдің аулалары жиналады деп жоспарланған. Менің ойымша, бұл науқан жақыныңа көмектесу мен қолдаудың тамаша үлгісі. Біз жанымыздағы қарияларға көмектескенде, олар үшін ғана емес, өзіміз үшін де маңызды нәрсе жасаймыз. Жүрегімізде жылулық ұя салады. Мен белсенді қала тұрғындары мен еріктілерді мақтан тұтамын. Және де оларға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді», - деді Бағдат Анарбаева.




Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. 


Барлық ақпарат  almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.


Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ардагер #Алматы #науқан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.