ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Өндіріс ошақтарын аралады

Өндіріс ошақтарын аралады

Сайлау-2023 14.11.2022, 10:25 820
Өндіріс ошақтарын аралады
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысына келді. Ең алдымен кандидат Мұнайлы ауданында орналасқан «Сауқымбек» ұн тарту зауытының ұжымымен...

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысына келді. Ең алдымен кандидат Мұнайлы ауданында орналасқан «Сауқымбек» ұн тарту зауытының ұжымымен кездесті. Бірнеше жыл бұрын іске қосылған өндіріс ошағы жоғары сұрыпты ұн өндіріп, 70-ке жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.


Зауыт алдағы уақытта дайын өнімді экспорттауға ниетті. Алайда, кей кезде кәсіпорынға бидай жеткізкуде қиындықтар туындайды, вагондар тапшылығы байқалады.


«Менің әрдайым айтатыным, адал еңбек етіп, халықты сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қаматамасыз ететін азаматтарымызға қолдау көрсетуіміз қажет. Қазақстанда тауарлар қорын құру стратегиясында азық-түлік нарығын дамыту және қауіп¬сіздігін сақтау бәрінен бұрын им¬портқа тәуелді емес, отандық өндіріс есебінен жүзеге асуы керек», – дейді Жигули Дайрабаев.


Ұн тарту зауытынан кейін кандидат мал бордақылау кешеніне барды. Қазіргі уақытта елімізде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы бағытта жұмыс істейтін бұл кешен Ақтау қаласының тұрғындарын сапалы етпен қамтамасыз етуде. Алайда мұнда су мәселесі әлі шешілмей отыр, зауыт суды сатып алуға мәжбүр.


«Cу мәселесі бүгінде әлемнің көптеген елдерін толғандырып отырғаны белгілі. Мамандардың болжамы бойынша, су мемлекетаралық, еларалық маңызды мәселе ретінде алдағы уақытта да өзінің өзектілігін жоймайды. Өйткені су – тіршілік көзі. Сондықтан бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешуді қолға алғанда ғана нәтижелі жұмыс жүріп, өңірді сумен қамти аламыз», – деген пікірде кандидат.


Сонымен қатар Жигули Дайрабаев Мұнайлы ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жем-шөп дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Өткен жылмен салыстырғанда, биыл бұл бағыт оң нәтиже беріп отыр дейді шаруа иелері. Осы ретте кандидат, түйткілді мәселелердің алдын алу үшін тамшылатып суару әдісін дамыту қажет дейді. Ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологиялар мен жабдықтарды қолдану өндіріс өнімділігін арттырмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.