AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Олжас Бектенов токенизациялау тетігін кеңінен пайд...

Олжас Бектенов токенизациялау тетігін кеңінен пайдалануды тапсырды

Экономика 15.09.2026, 13:13 273
Олжас Бектенов токенизациялау тетігін кеңінен пайдалануды тапсырды
ҚР Үкіметі

Цифрлық активтер саласы Қазақстан экономикасында мүлдем жаңа бағыт болып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Қазақстандағы цифрлық активтер нарығын дамытудың жаңа кезеңіне көшу бағытын айқындады. Қазірдің өзінде қажетті негізгі жағдай жасалды. Ендігі міндет – инвестициялар мен технологиялар тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін толыққанды экожүйе қалыптастыру.

«Мемлекет басшысы еліміздің технологиялық жаңғыруына қатысты маңызды міндеттер қойды. Цифрлық активтер саласы Қазақстан экономикасында мүлдем жаңа бағыт болып отыр. Оның дамуына қажетті негізгі жағдайлардың бәрі жасалды. Енді толыққанды экожүйені қалыптастыру кезеңі жүріп жатыр. Яғни, бұл инвестициялар мен жаңа технологияларды тартып, отандық қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр инфрақұрылымдық жобалар, жылжымайтын мүлік және экономиканың басқа да салаларына инвестиция тартудың тағы бір тиімді құралы ретінде нақты активтерді токенизациялау әлеуетін атап өтті.

«Ендігі кезекте цифрлық активтер мен жаңа қаржы құралдарын біртұтас қаржы және технология желісіне ықпалдастыру қажет. Нақты активтерді токенизация жасауға баса көңіл бөлу керек. Бұл экономикаға қаражат тартудың тағы бір тиімді құралына айналады. Бізде ірі инфрақұрылымдық жобалар, жылжымайтын мүлік нысандары, шикізаттық және басқа да активтер бар. Осы жобаларға қосымша қаражат тарту үшін токенизацияны пайдалануға болады. Яғни, салынып жатқан кез келген ғимаратты немесе жобаны инвесторлар қаржыландыра алатын цифрлық үлестерге бөлуге болады. Мұндай жобаға кез келген адам акционер ретінде қатыса алады», —деп атап өтті Премьер-министр.

Ұлттық банк активтердің нақты тізбесін айқындауы қажет. Олар инвестиция тарту үшін басым тәртіппен цифрлық нысанға ауыстырылуы тиіс. Бұл тетік мұқият реттеліп, жүргізілетін мәмілелердің қауіпсіздігіне кепілдік берілуі керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);