AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Олжас Бектенов инвестиция тарту жүйесін жетілдіру...

Олжас Бектенов инвестиция тарту жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Экономика 18.09.2026, 09:05 181
Олжас Бектенов инвестиция тарту жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Primeminister.kz

Бірыңғай инвестициялық вертикальды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жаңа инвестициялық циклды іске қосу шеңберінде қойған міндеттеріне сәйкес, инвестиция тарту және оларды сүйемелдеу жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру жөнінде кеңес өткізді.

Жиында инвесторлармен өзара іс-қимылды қызығушылық таныту және перспективалы бағыттарды зерделеу кезеңінен бастап жобаларды іске қосу, кеңейту және қайта инвестициялауға бағытталған инвестициядан кейінгі сүйемелдеуге дейінгі барлық кезеңде нығайту тәсілдері қаралды.

Нәтижесінде келісу рәсімдерінен өту мерзімдерін қысқарту және жобаларды іске қосуды жеделдету, сондай-ақ оларды масштабтау және экспортқа шығару мәселелерін қатар пысықтау көзеделген.

Сонымен қатар инвесторлар мен жетекшілік ететін мемлекеттік органдарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін цифрлық құралдарға назар аударылды.

Сыртқы контурдағы белсенді инвестициялық саясат мәселелері де талқыланды.

Премьер-министрге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың инвесторлармен өзара іс-қимыл жөніндегі және жобаларды ел экономикасына қаражат салуға дейін, нысандарды пайдалануға беруге дейін жеткізу көрсеткіші бойынша жұмысын талдау нәтижелері ұсынылды.

Бірыңғай инвестициялық вертикальды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды талқылауға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров, Президенттің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы инвестициялық саясат тетіктерін түбегейлі жаңарту міндетін қойғанын атап өтті. Капитал үшін жаһандық бәсеке жағдайында Үкімет болжамды әрі қолайлы инвестициялық климатты қамтамасыз етуі керек. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, қолданыстағы инвестиция тарту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-қимылдың барынша нақты жоспарын дайындау тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);