ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Олжас Сүлейменов Францияның жоғары марапатына ие б...

Олжас Сүлейменов Францияның жоғары марапатына ие болды

Оқиға 16.06.2022, 17:02 1,594
Олжас Сүлейменов Францияның жоғары марапатына ие болды
Cурет: Vecher.kz
Франция елшісі ақынның еңбегін ерекше атап өтті

Франция елшісі ақынның еңбегін ерекше атап өтті


Белгілі жазушы, ақын, дипломат және қоғам қайраткері, «Невада – Семей» қоғамдық антиядролық қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменов «Құрмет Легионы» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vecher.kz-ке сілтеме жасап. 


Олжас Омарұлына жоғары марапатты Францияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Дидье Канесс мырза табыс етті. Салтанатты шараға құрметті қонақ, Француз Республикасының бас консулы Алексис Шахтахтинский, Олжас Сүлейменовтің отбасы мүшелері, Қазақстанның көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлері, қоғам мен БАҚ өкілдері қатысты.




«Құрметті Олжас аға, бүгін Сізге «Құрмет Легионы» орденін табыс ету үшін келгеніме өте қуаныштымын. Франция президенті Эмманюэль Макрон, «Құрмет легионының» ұлттық орденінің ұлы шебері, Жарлыққа 2022 жылдың 7 наурызында қол қойды», - деді Дидье Канесс.



Франция елшісі ақынның еңбегін ерекше атап өтті:
«Сіз сөзсіз қазіргі Қазақстан мәдениетінің көрнекті тұлғасысыз: белгілі ақын, жазушысыз. Сіз сондай-ақ бейбітшілікті сақтауға, гуманитарлық құндылықтарды ілгерілетуге және қоршаған ортаны қорғауға үлкен үлес қостыңыз. Сіз «қайта құру» кезеңінің көшбасшыларының бірі болдыңыз. Сіз Қазақстанның елшісі болдыңыз және әлі де Франциядағы қазақстандықтар Қауымдастығының құрметті президенті болып келесіз».




Ал Олжас Омарұлы Франция Президенті мен Дидье Канесс мырзаға ризашылығын білдірді:
«Мен осы жарлыққа қол қойған Франция президенті Эмманюэль Макронға құрмет пен алғысымды білдіргім келеді. Бүгін мен жоғары дәрежелі орденмен марапатталдым. Менің жолдастарым әдетте ордендерімді тақпайтынымды біледі, бірақ бұл «Құрмет Легионы» ордені – ерекше мәртебе. Мен Дидье Канесс мырзаның қолынан бұл марапатты үлкен мақтанышпен және алғыспен қабылдаймын. Осы құрмет үшін алғыс айтып, бүкіл Францияға сәттілік тілеймін».


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.