Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Олжас Бектенов: Бірыңғай уақыт белдеуі – ғылыми не...

Олжас Бектенов: Бірыңғай уақыт белдеуі – ғылыми негізделген шешім

Әлеумет 19.12.2024, 15:05 853
Олжас Бектенов: Бірыңғай уақыт белдеуі – ғылыми негізделген шешім
Сурет ЖИ

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары, өндірістік кәсіпорындар және кадрлық әлеуетті арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесі ерекше назарға алынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесуде тұрғындар бірыңғай уақыт белдеуіне көшу табиғи уақытқа сәйкес келіп, күнделікті тұрмысты жеңілдеткенін айтып, бұл шешімді қолдады.

Премьер-министр бұл шешімнің терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданғанын атап өтті. Ол 2017 жылы америкалық ғалымдардың адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталғанын еске салды. Ғылыми дәлелдер табиғи уақыт белдеуіне сәйкестіктің адам денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсер ететінін көрсетеді. Бұл негізде 2022 жылы Барселона декларациясы қабылданып, 80-нен астам елдің ғалымдары мен саясаткерлері табиғи уақыт белдеуіне көшуді қолдады.

«Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі – біз қазір өмір сүріп жатқан UTC+5. Бұрын біз директивалық тәртіппен табиғи емес UTC+6 белдеуінде өмір сүрдік. Бұл шешім кейбір адамдар үшін бастапқыда қолайсыздық тудыруы мүмкін, бірақ уақыт өте ағза бейімделеді. Біз азаматтардың өмірін барынша жеңілдету үшін жарықтандыру, кесте ұйымдастыру және басқа да инфрақұрылымдық шараларды жүзеге асырамыз», – деді Премьер-министр.

Кездесуде зауыт ұжымдары еңбек жағдайлары мен қолдау шараларын талқылады. Олжас Бектенов Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» қарсаңында еңбеккерлердің құқығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге баса назар аударылатынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #Қостанай #Уақыт белдеуі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.