AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Олимпиаданың алғашқы күні қазақстандық бес спортшы...

Олимпиаданың алғашқы күні қазақстандық бес спортшы бақ сынайды

Спорт 07.02.2026, 12:20 610
Олимпиаданың алғашқы күні қазақстандық бес спортшы бақ сынайды
ҰОК

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға Қазақстан құрамасы 36 спортшымен қатысып отыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінде, 7 ақпанда, Қазақстан атынан бес спортшы сынға түседі.

Sportarena.kz дерегіне сәйкес, қазақстандықтардың алғашқы жарысы шаңғы спортынан басталады. Олимпиадалық шаңғы жолға Надежда Степашкина, Дарья Ряжко және Ксения Шалыгина шығып, 20 шақырымдық скиатлонда өнер көрсетеді. Бұл қашықтықтың 10 шақырымы классикалық әдіспен, ал қалған 10 шақырымы еркін стильде жүруді қамтиды. Жарыс Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.

Кешкі бағдарламада Надежда Морозова мен Елизавета Голубева Қазақстан құрамасы атынан конькимен жүгіру спортынан 3000 метрге жарысады. Бұл бәсеке 20:00-де өтеді.

Жалпы, 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға Қазақстан құрамасы 36 спортшымен қатысып отыр. Олар шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, биатлон, шорт-трек, фристайл, мәнерлеп сырғанау және өзге де қысқы спорт түрлері бойынша медаль үшін таласады. Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада #спорт #Қысқы Олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);