Алматыда Құрылтай депутаттарының сайлауында қаланың танымал спортшылары Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамаларының өкілдері дауыс берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Олардың қатарында мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров, Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Назым Қызайбай, Ғұсман Қырғызбаев, Нариман Құрбанов, Ислам Сәтпаев және Александра Ле бар.
Қысқы спорт түрлерінің өкілдері де таңдау жасады. 2026 жылғы Олимпиадаға қатысқан Данил Васильев пен Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден, ал Ростислав Хохлов тау шаңғысынан Қазақстан намысын қорғаған.
Дауыс беруге қазақстандық спорттық гимнастиканың көшбасшыларының бірі Милад Карими де қатысты.
Дауыс бергендер қатарында еркін күрестен Азияның үш дүркін чемпионы әрі әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері Нұрқожа Қайпанов, таеквондодан әлем чемпионатының қола жүлдегері Айдана Құмартаева, WKF каратэден әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Дидар Әмірәлі де бар.
Күні бойы Алматының спорт қауымдастығына танымал өкілдері сайлау учаскелеріне келіп, таңдау жасады.
Спортшылар дауыс берудің және таңдауға жауапкершілікпен қараудың, әсіресе жас буын үшін маңызды екенін атап өтті.