ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / "Ол мені жерлеуі керек еді, бірақ керісінше болды…...

"Ол мені жерлеуі керек еді, бірақ керісінше болды…" - Марқұм Мұрат Бисенбиннің әкесі ұлы туралы айтты

Алматы 09.01.2026, 12:04 323
"Ол мені жерлеуі керек еді, бірақ керісінше болды…" - Марқұм Мұрат Бисенбиннің әкесі ұлы туралы айтты
Aqshamnews.kz
Бүгін, 9 қаңтарда Алматыда қазақстандық актер Мұрат Бисенбинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Рәсім барысында өнер иесінің әкесі Болат ұлының соңғы күндері туралы көзіне жас алып айтып...

Бүгін, 9 қаңтарда Алматыда қазақстандық актер Мұрат Бисенбинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Рәсім барысында өнер иесінің әкесі Болат ұлының соңғы күндері туралы көзіне жас алып айтып берді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

"Ауырғанына бір жарым жыл болды. Башқұртстанға да барып емделді. Бұған дейін "жаман ауруға" қарсы тұру керек, күресу керек деп жүретін. Бірақ кейінгі кезде қатты қиналып кетті. Жарты ай бұрын инсульт алды. Орталықта 11 күн жатты. Кейінгі кездері тамақ та іше алмай қалды. 8 қаңтарда таңғы сағат 8-де хабарластым. Сол кезде "Мұратты кетіп қалды" деген қаралы хабар келді", - деді ол.

Болат Бисенбин баласының қазасы ата-ана үшін орны толмас ауыр қайғы екенін айтып, Мұраттың өмір салтын да еске алды.

"Балаңның өлімін көру - ең ауыр. Ол мені жерлеуі керек еді, бірақ бәрі керісінше болды… Ішпейтін, шекпейтін, спортпен шұғылданатын. Қандай актер болғанын халық біледі ғой", - деді әкесі көзіне жас алып.

Мұрат Бисенбинмен қоштасуға келгендердің арасында қазақстандық киноның белгілі тұлғалары - Асан Мәжит, Ерден Телемісов, Берік Айтжанов, Жан Байжанбаев, Еділ Анарбай, Санұржан Сүлейменов, Олжас Тоғымбет және басқа да танымал актерлер болды.

Жиналған жұрт марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, Мұрат Бисенбиннің өнердегі еңбегі мен адамдық болмысын еске алды. 

Мұрат Бисембин 1972 жылы 11 қазанда Қызылордада туған. Алдымен политехникалық институтты ауыл шаруашылығының инженер-механигі мамандығы бойынша тәмамдағанымен, кейін актерлік жолды таңдаған. Өнер иесі отбасылы, үш баланың әкесі болған.

Редакция өнер иесінің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.