AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нұртөре Жүсіп, сенатор: Кітап оқитын ұлт ойлы елге...

Нұртөре Жүсіп, сенатор: Кітап оқитын ұлт ойлы елге айналады

Әлеумет 15.03.2024, 13:25 1,474
Нұртөре Жүсіп, сенатор: Кітап оқитын ұлт ойлы елге айналады
almaty-akshamy.kz
Атыраудағы Құрылтайда қоғамдық топтасу мен жалпыұлттық құндылықтарды дамыту тақырыптары арқау болды. Бұл ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды» екенін айтып, оған қажетті алғышарттар мен нақты істерге тоқталды.


Ұлтымыз үшін маңызды ономастика, төл тарих, руханият, қазақ тілі, креативті индустрия, ұлттық бірегейлігімізді нығайту, кітап оқитын ұлтқа айналу мәселелері де Президент назарынан тыс қалмады. «Озық ойлы елге айналудың төте жолы – кітап оқу» екенін екпін түсіре еске салды.


Біздің бай тарихи-мәдени мұрамызды сақтау, тарихи жәдігерлерімізді шетел мұражайларынан Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру, археология саласына қатысты заңдарды жетілдіру туралы келелі ойлар ортаға салынды. Әсіресе, Президент «ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, жағымсыз әдеттерден арылу, есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатаңдатып, оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру» қажеттігін тілге тиек етіп, Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырды.


Мемлекет басшысы «Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылдадық. Үкімет лудоманиямен күреске қатысты дәл сондай жоспар қабылдауы керек”,- деді. Құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажеттігін айтты. Парламентте қаралып жатқан сол жобаны осы сессияның соңына дейін қабылдау қажет» екенін де айрықша атап өтті.


Осы орайда, «Заң мен тәртіп сақталуға тиіс, яғни қоғамда заң үстемдігі болуы қажет» деген Президент ұстанымы – басты бағдар болмақ. Бұл Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштаған ұғымын барынша тиянақтай түседі.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Атырау #құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);