ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Нұртөре ЖҮСІП, ҚР Парламент Сенатының депутаты: ПР...

Нұртөре ЖҮСІП, ҚР Парламент Сенатының депутаты: ПРЕЗИДЕНТТІҢ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАСТАЛДЫ

Саясат 12.07.2021, 15:37 2,135
Нұртөре ЖҮСІП, ҚР Парламент Сенатының депутаты: ПРЕЗИДЕНТТІҢ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАСТАЛДЫ
Сурет: Ru.wikipedia.org
Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі сайлау мәселелеріне қатысты заңдарға қол қойды.

Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі сайлау мәселелеріне қатысты заңдарға қол қойды.


Сайлауды тағайындау, кандидаттарды ұсыну, оларға қолдау көрсету үшін қол жинау, кандидаттарды тіркеу, сайлау өткізу, дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығару тәртібін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілген болатын.


ҚР Орталық сайлау комиссияның мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 2 346 әкім бар. Жаңа нормалар енгізілгеннен кейін олардың барлығы қолданыстағы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Ағымдағы жылдың соңына дейін аталған санаттағы 775 әкімді сайлау жоспарланып отыр.


Президенттік саяси реформалардың екінші және үшінші пакеттерін іс жүзінде жүзеге асыру басталды. Еліміздің бірқатар өңірлерінде ауылдық округ әкімдерін сайлау күні белгіленген. 25 шілдеде бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлау өтеді деп күтілуде.


Өкілеттіктері 2021 жылы аяқталатын ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің ең көп саны Қарағанды (76), Шығыс Қазақстан (73), Қостанай (69), Ақмола (67), Алматы (66) облыстарында тіркелген.


Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау өткізілгеннен кейін 3 күн ішінде қорытынды шығарылады.Сайлау өткізілгеннен кейін 7 күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркейді, содан кейін ол өз өкілеттігіне кіреді.


Ауыл әкімі ретінде "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның талаптарына сәйкес келетін жасы 25-тен кіші емес ҚР азаматы бола алады. Бір адам бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.


Ауылдық округ тұрғындары, әкім сайлаған азаматтар ретінде, жергілікті қоғамдастық жиналысында жұмысының қанағаттанарлықсыз нәтижелері, әдепсіз мінез-құлқы және басқалары үшін өз өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасауға құқығы бар. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің дауыс беру қорытындылары бойынша хаттама ресімделеді, ол тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қарауына жіберіледі. Мәслихат осы хаттаманың негізінде ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтатуды қарау, оған сенімсіздік білдіру туралы мәселе қояды және көпшілік дауыспен шешім қабылдайтын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.