AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Нұрпейісов, Сыздықова, Тен: Алматыда бірқатар көше...

Нұрпейісов, Сыздықова, Тен: Алматыда бірқатар көшеге жаңа атау беріледі

Барлығы 19.09.2025, 23:30 579 Сұлу
Нұрпейісов, Сыздықова, Тен: Алматыда бірқатар көшеге жаңа атау беріледі
Мейіржан Отыншиевтің парақшасынан

Бүгін Алматы Мәслихатының кезекті ХХХIV сессиясы өтіп, қала өміріне қатысты бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

Алдымен депутаттар Алматыдағы 156 жаңа көшеге атау беру туралы ұсынысты қолдады. Бұл шешім тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, халқымыздың біртуар тұлғаларының есімін ұлықтауға жол ашты. Қала картасында мәңгілікке сақталатын атаулардың қатарында жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ақын Мұзафар Әлімбаев, ғалым Қайым Мұхамедханов, тілші-ғалым Әбдуәлі Қайдар, түрколог Рәбиға Сыздықова, суретші-мультипликатор Әмен Қайдаров, спортшы Денис Тен сынды есімдер бар.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достықты дәріптеу мақсатында бір көшеге вьетнам халқының ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Хо Ши Миннің есімі берілмек. Бұл – халықаралық ынтымақтастықтың белгісі ретінде бағаланды.

Сессияда бұдан бөлек, қала тұрғындарының дәрілік қамтамасыз етілуін кеңейту мәселесі мақұлданды. Енді қосымша 10 түрлі нозология бойынша 23 пациент жергілікті бюджет есебінен тегін дәрі-дәрмекпен қамтылатын болады.

Ал қысқы кезеңде жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау үшін сессия шешімімен күшейтілген режимде жолдарды күтіп-ұстау тәртібіне толықтырулар енгізілді. Қар қалың түскен жағдайда қала көшелерінде техника мен жұмысшылардың саны жедел арттырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #атау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);