AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына та...

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Шешім 12.06.2022, 04:00 1,559
Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды
Сурет: Inform.kz

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


«Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын» делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.


Нұрлан Уранхаев 1965 жылы 4 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. 1987 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик, 2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер, 2006 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.


Еңбек жолын 1987 жылы слесарь-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде мастер, прораб болып істеді. Әр жылдары Семей қаласындағы «Сары-Арқа» АӨК басшысы, «Казиркутсклес» АОЗТ бас директоры, Шығыс Қазақстан облысы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік барқармасының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласының ТЖМ мемлекеттік материалдық резерві комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, «Ертіс» ӘКК басқарма басшысының орынбасары, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Семей қаласы гуманитарлық заң университеті президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ бас директоры, Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.


Ал, бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай облысы #тағайындау #жарлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);