ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесул...

Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесулер өткізді

Сайлау-2023 18.03.2023, 17:29 842
Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесулер өткізді
Сурет: Ашық дереккөз
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 17-18 наурызда халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ОСК сайтына сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 17-18 наурызда халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ОСК сайтына сілтеме жасап.


Бұл күні ол Әзірбайжан, Молдова, Моңғолия ОСК Төрағаларымен, Түркия Республикасы ОСК мүшелерімен, сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының, Түркі мемлекеттері ұйымының және Түркі Парламенттік Ассамблеясының делегацияларымен кездесті.


Ортсайлауком төрағасы делегация мүшелеріне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын ұсынды, кездесулерге қатысушыларды сайлау заңнамасындағы реформалардың іске асырылу барысымен таныстырды, сондай-ақ кандидаттарды және саяси партиялардың партиялық тізімдерін тіркеу қорытындылары туралы хабардар етті.


Кездесулер аясында Нұрлан Әбдіров сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтарының, елдегі сайлау учаскелерінің саны және алдағы сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы айтты.


ОСК төрағасы халықаралық байқаушыларға олардың шақыртуға жауап беріп, сайлау процесіне мониторинг жүргізу үшін Қазақстанға келгендері үшін алғысын білдірді. Нұрлан Әбдіров елімізде сайлаудың ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес өтуі үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.


Ол сондай-ақ, Ортсайлауком ұлттық заңнамаға және жоғары демократиялық стандарттарға сәйкес еркін және әділ сайлау өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын, сондай-ақ алдағы сайлауды байқауды 12 халықаралық ұйым мен 41 елден 793 байқаушы жүзеге асыратынын жеткізді.


Өз кезегінде, делегация өкілдері кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезеңдері бойынша нақтылайтын сұрақтар қойып, сайлау процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап көрсетті.


18 наурызда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Беларусь және Ресей Одағы Парламенттік жиналысы делегациясының өкілдерімен, Тәжікстанның сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының Төрағасы Бахтиер Худоерзодамен кездесулер өткізді және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобымен кездесті.


Ол қонақтарды алдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына әзірлік пен өткізу барысы, сондай-ақ сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы қысқаша хабардар етті, кездесулерге қатысушылардың сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге, олардың қорытындыларын шығару мерзімдері мен тәртібіне қатысты сұрақтарына жауап берді.


Кездесулер барысында ОСК төрағасы елімізде халықаралық байқаушылардың алдағы сайлауға қатысуына, оның ішінде Қазақстанның демократиялық дамуын қолдаудың белгісі ретінде маңызды мән берілетінін атап өтті.


Делегациялардың басшылары сайлау қарсаңында еліміздегі тыныш, ақпейілді жағдайды, сайлау науқанын ұйымдастырушылар дайындығының жоғары кәсіби деңгейін атап өтіп, дауыс беру күні байқауды объективті және бейтарап жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.


Сондай-ақ, 18 наурызда Нұрлан Әбдіров ИЫҰ Бас хатшылығы саяси департаментінің елшісі Сэид Шейх Сэид Хассан Шариф бастаған Ислам ынтымақтастығы ұйымының делегациясымен кездесу өткізді.


Кездесу барысында Ортсайлауком басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына әзірлік пен өткізу барысы туралы хабардар етті, депутаттыққа кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы қысқаша айтып берді, сондай-ақ кандидаттарды тіркеудің барлық рәсімдері конституциялық нормаларға сәйкес жариялылық және ашықтық қағидаттарында жүргізілгенін атап өтті. Сайлау комиссиялары азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдады.


Нұрлан Әбдіров Ислам ынтымақтастығы ұйымының делегациясы еліміздегі сайлау процестерін байқауға бірінші рет қатысып отырғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ, халықаралық байқаушыларға олардың шақыртуға жауап беріп, сайлау процесіне мониторинг жүргізу үшін Қазақстанға келгендері үшін алғысын білдірді.


ОСК төрағасы сайлау комиссиялары сайлаудың ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес өтуі үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.