AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / New Vision Forum 2026: Қазақстан экономикасының жа...

New Vision Forum 2026: Қазақстан экономикасының жартысы 500 ірі компанияның үлесінде

Алматы 12.06.2026, 16:13 445
New Vision Forum 2026: Қазақстан экономикасының жартысы 500 ірі компанияның үлесінде

Алматыдағы Республика сарайы ғимаратында кәсіпкерлерді, инвесторларды және халықаралық сарапшыларды біріктірген Еуразиядағы ірі бизнес алаңдардың бірі - New Vision Forum 2026 өтіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Форум жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы кәсіпкерлікті дамыту, жасанды интеллекттің бизнеске ықпалы, инвестициялық ахуал, логистика, компанияларды ауқымдандыру және адами капиталды дамыту мәселелерін талқылады.

CEO New Vision Forum негізін қалаушы Мақсат Құрбеновтың айтуынша, бүгінде кәсіпкерлерге жаңа идеялар тауып, серіктестермен байланыс орнатуға және дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуге көмектесетін қауымдастықтардың маңызы артып келеді.

Форумның негізгі спикерлерінің бірі – Айдын Рахымбаев. Ол бизнестің тұрақты дамуы үшін мықты корпоративтік мәдениеттің, командалық жұмыстың және үздіксіз білім алудың маңызын атап өтті.

Бизнесті ауқымдандыру мәселесіне Елдар Абдразақов тоқталды. Оның пікірінше, ел экономикасының одан әрі өсуі ірі компаниялардың дамуымен тығыз байланысты.

«Қазақстандағы 500 ірі компания ел экономикасының шамамен жартысын қалыптастырады. Дәл осындай қуатты корпоративтік жүйелер жаңа нарықтарды, стандарттарды және брендтерді қалыптастыруға қабілетті», – деді Елдар Абдразақов.

Форумда банк секторының болашағы, цифрлық технологиялар және клиенттерге қызмет көрсету сапасы да бизнестің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторлар ретінде кеңінен талқыланды.

New Vision Forum 2026 Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 11-13 маусым аралығында өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);