ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Несие ала беру әдет пе, дерт пе? Психолог "қарызға...

Несие ала беру әдет пе, дерт пе? Психолог "қарызға бату" күйі туралы түсіндірді

Керек кеңес 05.09.2025, 18:20 686
Несие ала беру әдет пе, дерт пе? Психолог "қарызға бату" күйі туралы түсіндірді
сурет: ЖИ
Қазір әлеуметтік желідегі "жылтырақ" өмір шынайы болмыстан да маңыздырақ болып барады. Әдемі суреттер, қымбат көлік пен сәнді саяхат – барлығы да адамға өзін қоғамда мойындатудың құралына...

Қазір әлеуметтік желідегі "жылтырақ" өмір шынайы болмыстан да маңыздырақ болып барады. Әдемі суреттер, қымбат көлік пен сәнді саяхат – барлығы да адамға өзін қоғамда мойындатудың құралына айналғандай. Бірақ мұндай көріністің артында қандай психологиялық түйткілдер жатыр? Бұдан бөлек қандай мәселелерге әкелуі мүмкін? Аqshamnews.kz тілшісі оқырман оқиғасын негізге алып, психологпен тілдесті. 

"Әдемі өмір" үшін миллиондап қарызға кіргендер

Тредс желісінде қолданушы өзінің танысының оқиғасын баяндады. Ол әлгі адамның әлеуметтік желідегі "идеалды өмірдің" соңынан еріп, қарызға белшесінен батқанын жазды. Блогерлердің "әдемі өміріне" ілесіп, несиеге көлік алып, несиеге саяхаттап, қарызға қымбат киімдер киген. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар қазір қарыздарын төлей алмай, былыққа батып отыр. 

Оқиға көптің алаңдаушылығын туғызды. Желі қолданушылары мұндай жағдайда не істеуге болатынын айтып, пікірлерін бөлісіп жатыр. 

Желідегі "идеалды өмірге" адамдар неге қызығады?

Психолог Ұлмекен Сәндібекқызының айтуынша, адамның "көрінбейтін байлық" жасауға ұмтылуының түп-тамыры – қоғамда өзін мойындатуға деген қажеттілік. Бұл – тұлғаның өз болмысын толық қабылдай алмауы мен бала кезден қалыптасқан нарцисстік жарақаттың салдары болуы мүмкін.

"Әлеуметтік желіде "идеалды адамның" нұсқасын жасап шығарғысы келеді. Кедейлік пен жетіспеушілік жарақаты ,өзгелермен өзін үнемі салыстырып,  қызғаныш сезімдерінің епкінімен жасауы да ықтимал. Адамның өз бағалауының төмендігіне де байланысты. Себебі әлеуметтік желдіе лайк, пікірлер оның көңіл-күйінің, өзіне деген сенімділігін көтереді" дейді ол. 

Қарызға бату механизмі

Психолог адамның қарыз ала беруін белгілі бір психологиялық күймен байланыстырды. Оның айтуынша, мұндай адамдар көбіне тәуекелшіл және тым батыл болып келеді. 

"Әдемі өмірді ұстап тұру үшін кей адамдар қарызға батудан тайынбайды. Бір несиені жабу үшін екіншісін алу – психологиялық тұрғыдан импульсивті шешімнің нәтижесі. Мұндай сәтте үміт пен иллюзия басым түсіп, сыни ойлау әлсірейді. Адам стресс жағдайында тек мәселені шешуді ойлайды. Ол үшін қарыз алу – жалғыз жол секілді көрінеді. Бірақ кеңінен ойлау қабілеті шектеліп, болашақты көруге ресурс қалмайды", – дейді маман.

Қазақ қоғамындағы "абырой сақтау" феномені

Қазақ менталитетінің де мұндай мәселелерге әсері болуы мүмкін. Ұлмекен ханымның айтуынша, туыстар арасындағы әңгіме және "ұят болады", "өзін жақсы көрсету" ұғымдары да қарызға батуға итермелейтін фактор. 

"Миллиондап қарызға кірген адам бойында ұят, қорқыныш, кінә, күйзеліс қатар жүреді. Бұл психоэмоционалдық қысым жағдайға салқынқанды қарауға мүмкіндік бермейді. Кейде адам өзін ақтап, барлығын "қалыпты жағдай" деп қабылдай бастайды. Мұндайда ең әуелі адамға қорқыныш пен ұятпен жұмыс жасау, қолдау ортасын табу, құндылықтарын қайта қарау қажет. Адамның болмысы ақша мен байлықпен өлшенбейтінін ұғындыру – басты қадам", – дейді Ұлмекен Сәндібекқызы.

Мұндай жағдайда не істеу керек?

Әлеуметтік желідегі "идеалды өмірден" бас тарту үшін:

  • өзіңді өзгелермен емес, өзіңмен ғана салыстыру;

  • шынайы қарым-қатынас орнату;

  • жетістіктеріңді бағалау;

  • әлеуметтік желіні шектеу;

  • терапия арқылы бала кездегі жарақаттармен жұмыс жасау маңызды.

Бұл - психолог берген кеңес. Сондай-ақ, маман бала кезде жетпеген мақұлдау, мадақтау, қабылдау сезімдерін өзіне-өзі берсе ол да жақсы нәтиже беретінін айтты.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.