Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Неше саяжай елдімекен статусын алады?

Неше саяжай елдімекен статусын алады?

Әлеумет 01.12.2023, 09:51 1,287
Неше саяжай елдімекен статусын алады?
Сурет: ашық дереккөз

2050 жылға қарай G4 City қаласында 2 млн аса адам тұрады.


Қонаев пен Алматы қалаларының арасында бой көтеретін жаңа шаһардың дамуы қарқынды. Жұмыс барысын елордадағы есебінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бөлісті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Әкімнің айтуынша, жаңа қалада тоқыма, былғары, қағаз бұйымдарын, құрылыс материалдарын өндіру және логистикалық жобалар жүзеге асырылады. Жоспарлы жұмысқа 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген. Сәтімен іске асса, жергілікті жердегі 34 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылатын болады.




– G4 City қаласының жобасы Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының аумағын қамтуы инвесторларға қолайсыздық туғызып отыр. Сондықтан Президенттің тапсырмасына орай G4 City қаласын жеке әкімшілік бірлік ретінде құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның аумағы 88 мың гектарды құрайтын 4 аймаққа бөлінеді, – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.



Саяжай мәселесін де әкім таяуда шешпекші. Қазір Алматы облысындағы 674-тен астам саяжайдың 300-іне жыл соңына дейін елдімекен статусы беріледі. Аймақ басшысы «тұрғындар қажетті инфрақұрылымға қол жеткізу үшін бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтереді» деді. Ең алдымен мектеп, балабақша, аурухана мен жол салынбақ. Көгілдір отынмен қамту ісі де күн тәртібінде тұр.




– Саяжай мәселесі көп жылдан бері шешімін таппай келеді. Себебі, саяжайлар маусымдық сипаттағы үйлер болғандықтан инфрақұрылым жетпеген. Бүгінде 674 саяжай бар. Онда 188 мың адам тұрады. Саяжайдың елдімекен мәртебесі болмағандықтан ешқандай инфрақұрылым жоқ, – деді Марат Сұлтанғазиев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жоба #G4 City #қала #тұрғын #әлеумет #ауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.