AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Неке қиятын күні бір-ақ көрдім". 15 жас кіші қызғ...

"Неке қиятын күні бір-ақ көрдім". 15 жас кіші қызға үйленген актер Айдарқұлов әйелі туралы ашық айтты

Мәдениет 25.11.2025, 09:46 942 Дина
"Неке қиятын күні бір-ақ көрдім". 15 жас кіші қызға үйленген актер Айдарқұлов әйелі туралы ашық айтты
сурет: threads.com/@daurenaidarkulov

Таяуда ғана үшінші рет отбасын құрған танымал актер Дәурен Айдарқұлов алғаш рет жұбайы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әңгімеледі. 

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов өзінен бірнеше жас кіші үшінші әйелі Жұлдызбен қалай танысқанын айтты. Айтуынша, болашақ жұбайын әлеуметтік желіден көріп, сол арқылы байланыс орнатқан.

"Есімі - Жұлдыз. Тредс желісінен таптым. Әртүрлі жерден жарымды іздеп жүрдім. Біреулер таныстырып жатады, бірақ ешкім көңілден шықпайтын. Кейін желіден Жұлдызды байқап қалып, сөйлесе бастадық. Екі аптадан кейін туған ағасының алдынан өттім. Тойды жоспарладық. Шілдеде таныссақ та, жұбайымды қыркүйекте сол неке қиятын күні алғаш ретін өмірде көрдім", - деді актер.

Сондай-ақ, актер қазіргі әйелінің өзінен 15 жас кіші екенін айтты. 

"Жұлдыз екеуміздің арамыз 15 жас. 1997 жылы туған. Үйде онлайн жұмыс істейді. Түрлі жалған ақпараттар тарап жатыр ғой. Бірақ шындықты осында айтайын", - дейді Айдарқұлов. 

Еске салайық, Дәурен Айдарқұлов жақында үшінші рет шаңырақ көтергенін жариялаған еді. Оның жаңа некесі желі қолданушылары арасында үлкен талқылауға түсті. Актер бұған дейін екі рет үйленіп ажырасқан. Ол екінші рет некесін танымал актриса Ақбота-Нұрмен қиған еді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дәурен Айдарқұлов #отбасы #Ақбота-НҰр #шоу-бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);