ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен...

NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті

Спорт 16.07.2024, 13:10 1,219
NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті
almaty-akshamy.kz
Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында...

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады.

Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан және волейболдан турнир өткен болатын.

Сайысқа түскен жастар арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды  мақсат еткендер де бар. 

«Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше екені бәрімізге мәлім. Алматы қаласының NEET санатындағы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» жобасын аясындағы осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз! Әрине, болашақта үлкен додаларға түссек па деген арманда жоқ емес», - дейді Қасымжан Айдар, «Белгібай» командасының капитаны.

Турнир Алматы қаласы Алатау ауданындағы ADD үстел теннис орталығында өтті.

Аталмыш шараға «Қазына», «Арлан»,  «Батыр», т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастар, NEET санатындағы,  яғни жұмыссыз 30 жас қатысты.

Алғашқы іріктеу кезінде 2 топқа бөлініп, өзара бақ сынады. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті.

Зиядулла Тұрсынбаев мен Онласын Аян Алтын медаль мен кубок үшін бар айла-тәсілін қолданып-ақ бақты. Дегенмен 3:2 нәтижесімен Зиядулла Тұрсынбаев  басым түсіп, «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен үстел теннисінің жеңімпазы атанды. Ал үшінші орын үшін тартысты ойын көрсеткен Алмат Сейтбаев пен Ділмұрат Шаюпов біраз алысты. Дегенмен Алматтың бәсі жоғары болып, үшінші орын тұғырынан көрінді. Өзара бақ сынасқан турнир жоғары деңгейде өтті.

Турнир қортындысы бойынша, бірінші орын алған Зиядулла Тұрсынбаев 250 мың теңгенің, екінші орын алған Аян Онласынға 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі қатысушы Алмат Сейтбаев  пен Ділмұрат Шаюповқа 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан кемінде 16 команданың, ал киберспорт бойынша әр спорт түрінен 30 (отыз) қатысушының қатысуымен турнир ұйымдастыру жоспарда бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.