AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданының электр желілерін жаңғырту жоба...

Наурызбай ауданының электр желілерін жаңғырту жобасы қандай сатыда?

Әлеумет 25.07.2024, 09:56 936
Наурызбай ауданының электр желілерін жаңғырту жобасы қандай сатыда?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Жаңғырту жобасы Наурызбай ауданының электр желілерінің тозуын 30% төмендетуге мүмкіндік береді. Электр желілері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жаңғырту – басты міндеттің бірі
 
Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде электр желілері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жаңғырту аудандағы инженерлік инфрақұрылымды дамытудың маңызды міндетінің бірі болып қала беретінін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қазіргі таңда ауданның электр желілерінің 85%-ы толығымен тозған, сондықтан апаттық өшулер жиі болып тұрады. Ауданды тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін 2021 жылдың қыркүйегінде мердігер ұйым Ақжар, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Таусамалы және Шұғыла шағын аудандарында электр желілерін жаңарту басталды. Алайда сол жылдың қараша айында жобаның қымбаттауына байланысты жоба тоқтатылды. 2023 жылдың маусымында түзетулерден кейін жұмыс қайта жанданды.

Жоба аясында жоспарланған 1231 тіректің 854-і орнатылып, 11,2 км электр желілері жаңғыртылды. Қосымша 26 трансформаторлық қосалқы станция орнатылады. Жұмысты биыл қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Соның нәтижесінде желілердің тозуы 30% азаяды.

«Алатау Жарық компаниясы» АҚ желісі бойынша 17 трансформаторлық қосалқы станция мен 98 км электр желісіне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін тағы 54 трансформаторлық қосалқы станция мен 150 км электр желілері жөнделеді.

Жыл басынан бері сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету үшін 20 км-ден астам әуе және кабель желілері мен 2530 шам ауыстырылды. Жыл соңына дейін тағы 3 км әуе және кабель желілерін жаңғырту, сондай-ақ 3 мың шам мен 50 жарықтандыру тірегін ауыстыру көзделген. Сонымен қатар, жыл соңына дейін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аудандағы жарық орнатылмаған қалған 35 көше мен тұйық көшелерге сыртқы жарықтандыру желілерін жүргізу жоспарға енген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #«Алатау Жарық компаниясы» #Наурызбай ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);