AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Наурызбай ауданында ауқымды сенбілік өтеді

Наурызбай ауданында ауқымды сенбілік өтеді

Алматы 10.09.2026, 13:03 309
Наурызбай ауданында ауқымды сенбілік өтеді

Алматы қаласы аудандары арасында ұйымдастырылып жатқан эстафета аясында Наурызбай ауданында ауқымды сенбілік өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сенбіліктің басты мақсаты - аудан аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру.

Ауқымды сенбілікке 1500 - ге жуық адам қатысады. Олардың қатарында аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, еріктілер және белсенді азаматтар бар.

Іс-шара барысында қатысушылар аумақты санитарлық тазалау, абаттандыру және көріктендіру жұмыстарына атсалысады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы күніне орай тұрғындарға алма тарату ұйымдастырылады.

Сенбілікке қатысушылар мен тұрғындар үшін арнайы мерекелік бағдарлама да қарастырылған. Бағдарлама аясында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысуымен түрлі белсенділік шаралары, Zumba жаттығулары және балаларға арналған аниматорлар ұйымдастырылады.

Іс-шара тек тазалық жұмыстарын жүргізумен шектелмей, тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және аудан тұрғындарын ортақ игі іске біріктіруге бағытталған.

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы  - қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету және азаматтардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Өтетін күні: 12 қыркүйек 2026 жыл
Басталу уақыты: сағат 09:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Тәжиев көшесі, 106

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);