AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданында алты жаңа көше салынады

Наурызбай ауданында алты жаңа көше салынады

Әлеумет 25.07.2024, 10:06 1,202
Наурызбай ауданында алты жаңа көше салынады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Наурызбай ауданында ағымдағы жылы 30 көше жөнделеді және 6 жаңа көше салынады

Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ауданда жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қала әкімі биыл ауданның 110 көшесіндегі 50 мың шаршы метр жол ағымдағы жөндеумен қамтылғанын хабарлады. Қараша айының соңына дейін 150 көшеде тағы 20 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарлануда.

«Бүгінде 8 көшеде 5 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді, қараша айының соңына дейін ұзындығы 13 шақырым болатын тағы 22 көше орташа жөндеумен қамтылады, қазан айының соңында Ақжар шағын ауданындағы 6 көше бойынша 2 шақырым жол құрылысын аяқтау жоспарлануда», - деді Ерболат Досаев.

Ауданда магистральдық көшелерді ұзарту жалғасуда. Қараша айының соңына дейін Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуды аяқтау жоспарлануда. Төле би көшесін ұзарту  үшін 270 жер учаскесі алынуы тиіс, 170 жер учаскесі сатып алынды, қалған учаскелерді сатып алуды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жұбанов көшесін ұзарту үшін 346 жер учаскесі алынатын болады. 148 объект бойынша қаулылар қабылданды, учаскелерді сатып алу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған. 

Қоғамдық көлікке қызмет көрсету сапасын арттыру туралы айта келе, қала әкімі жыл басынан бері 10 бағытта аралықтарды қысқарту мақсатында 150 автобус жаңартылғанын айтты. Тұрғындардың жайлылығы үшін 12 жаңа аялдама павильоны орнатылды, ал жыл соңына дейін  бұрын болмаған тағы 5 аялдама орнату жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #көшелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);