AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Наурызбай ауданында 47 шақырым жол жаңартылып жаты...

Наурызбай ауданында 47 шақырым жол жаңартылып жатыр

Барлығы 24.09.2025, 15:54 621 Сұлу
Наурызбай ауданында 47 шақырым жол жаңартылып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматының Наурызбай ауданында 2025 жылы жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстар негізгі көшелерді қамтып отыр, деп атап өтті Наурызбай ауданының әкімдігі.

Тұрғындардың өтініші және аудан әкімдігінің бастамасы бойынша Алматы мобилділік басқармасы қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен жалпы ұзындығы 47,1 шақырым болатын 35 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Бұл аудан үшін рекордтық көрсеткіш.

Бүгінде жалпы ұзындығы 34,9 шақырымнан асатын 26 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Тағы 3 учаскеде жұмыстар жалғасуда. Жөндеу жұмыстары биыл 15 қазанға дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Қабылбаев, Сейітметов, Тыныбаев, Смайлов, Әйтей батыр, Лапин, Қосынов, Арман, Жақаев және басқа да бірқатар көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Мамандардың айтуынша, жол төсемін жаңарту қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады, шағынаудандар арасындағы көлік қатынасын жақсартадыжәне негізгі магистральдардағы жүктемені азайтады.

Қала тұрғындары жүзеге асқан  өзгерістерге оң баға беріп отыр.

«Бұрын Қазыбеков көшесінде тіпті төмен жылдамдықпен жүрудің өзі қиын болатын. Міне, енді жол тегіс әрі қауіпсіз. Бұл жүргізушілерге  де, жүргіншілерге де ыңғайлы», - деді  аудан тұрғыны Әлима. 

Әкімдікте Наурызбай ауданының қарқынды дамып келе жатқаны, жаңа тұрғын үй кешендерінің бой көтергені атап өтілді. Сондықтан жол инфрақұрылымын жақсарту өте маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);