ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданы су, жол мен кәріз жүйесіне миллиа...

Наурызбай ауданы су, жол мен кәріз жүйесіне миллиардтап ақша салды

Әлеумет 29.07.2025, 12:21 524
Наурызбай ауданы су, жол мен кәріз жүйесіне миллиардтап ақша салды
Алматы қаласы әкімдігі
Наурызбай ауданы үлкен жобаларды жүзеге асырып жатыр. Су тарту, кәріз бен су құбыры желісінің құрылысы он мыңдаған тұрғынды сапалы ауызсумен қамтамасыз етеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің...

Наурызбай ауданы үлкен жобаларды жүзеге асырып жатыр. Су тарту, кәріз бен су құбыры желісінің құрылысы он мыңдаған тұрғынды сапалы ауызсумен қамтамасыз етеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында аудан әкімі Назира Тоғызбаева осылай дейді.

Наурызбай ауданының дамуының негізгі бағытының бірі – осы заманғы сапалы инженерлік инфрақұрылыммен кешенді қамтамасыз ету. 2025 жылы ауызсу мен кәріз жүйесін дамытуды көздейтін үлкен жобалар іске аспақ.
  
2024 жылдың наурызында бастапқыда «Қарғалы» сүзгі станциясы жобасында қарастырылмаған 8,6 шақырым кәріз коллекторының құрылысы аяқталды. Бұл жоба 50 мыңнан астам тұрғынды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Биылғы қараша айында тәулігіне 22 мың текше метр су өткізуге қабілетті «Ақсай» су тарту нысанының құрылысы аяқталады. Нысанның жалпы құны - 29,7 млрд теңге. Қазір жұмыстың 80%-ы аяқталған. Сонымен қатар, су тарту нысанына апаратын 9 шақырым жол мен 5 көпір тағы салынып жатыр, сүзгі станциясында іске қосу-жөндеу мен технологиялық жұмыстарды қатар қолға алған. Бұл стратегиялық маңызды нысан ауданның батыс бөлігі мен облыстың Қарасай ауданындағы 150 мың адамды ауызсумен қамтамасыз етеді.

«Ақжар» жобасының (екінші кезең) аясында 2024 жылы 14 шақырым су құбыры мен 12 шақырым кәріз желісі салынды. 2025 жылы бұл жұмыстар жалғасып, тағы 17 шақырым су құбыры мен 15 шақырым кәріз желісі салынып жатыр. Сонымен қатар, жобаның үшінші кезеңі де іске асырылып, қосымша 1,7 шақырым су құбыры мен 1,3 шақырым кәріз жүйесі салынбақ.

«Қарағайлы» жобасының бірінші кезеңі аясында 2024 жылы 1,6 шақырым су құбыры мен 800 метр кәріз желісі салынды. 2025 жылы тағы 2,6 шақырым су құбыры мен 1,3 шақырым кәріз желісі қосылады. Қазір жобаның екінші кезеңіне арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Бұған қоса, «Тастыбұлақ» пен «Таусамалы» жобасы (бірінші кезең) мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды. Бұл жобалар бойынша жоспарланған жұмыстың жалпы ауқымы - 9,6 млрд теңге.

«Аталған жобалар ауданның орнықты дамуына қажетті мықты инженерлік негіз қалыптастырып, тұрғындардың жайлы өмір сүруі мен қауіпсіздігін арттырады. Сондай-ақ, қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуға бағытталған нақты қадамдарды көрсетеді», - дейді Назира Тоғызбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.