ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Карикатура сөйлесін! / Наурызбай ауданы: Спорт алаңы қирап жатыр

Наурызбай ауданы: Спорт алаңы қирап жатыр

Карикатура сөйлесін! 24.06.2021, 10:25 2,459
Наурызбай ауданы: Спорт алаңы қирап жатыр
almaty-akshamy.kz
Алматыда мердігерлердің жауапсыздығынан көбіне тұрғындар зардап шегеді. Осы ретте шаһар басшысы қазір қалада құрылыс жұмыстары қарқын алғанын, егер заң бұзушылықтар орын алса, мердігерлер...

Алматыда мердігерлердің жауапсыздығынан көбіне тұрғындар зардап шегеді. Осы ретте шаһар басшысы қазір қалада құрылыс жұмыстары қарқын алғанын, егер заң бұзушылықтар орын алса, мердігерлер жауапкершілікке тартылатынын қатаң ескертті. Дегенмен мегаполисте жұмысына салғырт қарайтын компаниялар азаймай тұр. 


 Мәселен, Наурызбай ауданының «Қалқаман-2» шағынауданындағы Н.Нұрмағанбетов көшесі №56 үйдің маңында орналасқан спорттық алаң қирап жатыр. Оның жанындағы қыста жасалған брусчаткалар ойылып, жерге кіріп кеткен. Орындықтар құлап, жарамсыз болып қалған. Мұндай сапасыз салынған дүниелер ауданның келісті келбетін бұзып, сырттан, әсіресе, өзге қаладан келетін қонақтарымызға жағымсыз көрініс қалдыратыны сөзсіз.  



 Қазіргі таңда көше тұрғындары аулаға абаттандыру жұмысын жүргізген мердігерлердің жұмысына риза емес. Онымен қоса, компания спорт алаңын аяғына дейін жасамай, орта жолдан тастап кеткен екен. Яғни қыста жасаған жұмыс әлі бітпей тұр. Ол жерге адам көп келмейді деп ойлаған ба, мердігерлер өз жұмысын тіптен сапасыз жасаған. Дәнекерлеген темірлері сынып, қирап тұр. Осылайша қыста салынған дүние жазға жетпей бүлініп, сиқы кете бастады. Наурызбай ауданының әкімдігі, аталмыш көшені абаттандыруды қандай мердігер жүргізген? Неге оны аяғына дейін бітірмей, тастап кеткен? Бұл бассыздық қашанға дейін жалғасады? Мұндай жауапсыздыққа тосқауыл қоятын кез келді емес пе?!



 Қашан да тәртіп пен бақылау жоқ жерде жұмысқа жүрдім-бардым қараушылық орын алады. Сондықтан аудан әкімдігі жасалған жұмыстың сапасына көңіл бөліп, бақылауға алса, дұрыс-ақ болар еді. Орын алған олқылық дер кезінде қалпына келсе деген ұсынысымыз бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.