AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Наурызбай ауданы 500 шақырымнан астам жарық желісі...

Наурызбай ауданы 500 шақырымнан астам жарық желісін тартпақ

Алматы 13.04.2026, 11:58 190 Сұлу
Наурызбай ауданы 500 шақырымнан астам жарық желісін тартпақ
Алматы әкімдігі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева ауданның қалай абаттанып, көше жарығын қалай дамытып жатқаны жөнінде баяндады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Жол жөндеумен қатар, біз көше жарығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Бүгінде Наурызбай ауданының аумағы 95% жарықтандырылған. Жалпы жарық нүктесінің саны 26,5 мыңды құрайды, желілердің ұзындығы 500 шақырымнан асады», — деді Назира Тоғызбаева.

Оның айтуынша, «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінде биіктігі 4-тен 6 метрге дейінгі 573 жарық тірегі орнатылған. Оның 465-і жұмыс істеп тұрса, 108-ін әлі орнатып жатыр.

«Біз жаңа ықшамаудандарды қоса алғанда, тұрғын алаптардағы жарықтандыру мәселесін кезең-кезеңімен шешіп келеміз. Бұл кешкі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына тікелей әсер етеді. Нысандардың сапасы мен уақтылы пайдалануға берілуіне ерекше мән беріледі. Барлық жұмысты бақылауда ұстап отырмыз», — деді спикер.

Сонымен қатар, ауданда көгалдандыру мен абаттандыру жұмысы да қарқын алған. Биыл өтемдік еу жұмысының аясында 1900 ағаш, сондай-ақ 4600 ірі ағаш егу жоспарланған. Бұдан бөлек, 10 мың шаршы метрден астам көпжылдық өсімдіктер мен гүлзарлар еккелі отыр.

Жұмыс үлкен көшелерді, тұрғын алаптары мен жағалау аймағын қамтып, ауданның бірыңғай жасыл кеңістігін қалыптастыруға бағытталған. Қазір 25 мыңнан астам ағаш пен едәуір көлемдегі жасыл желекті күтіп-ұстау жағы қолға алынды.

«Көгалдандыру — жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі. Біз жаңа ағаш егіп қана қоймай, бар жасыл желекті де күтіп-баптаймыз. Жұмыстар үлкен көшелерден бастап, аула аумақтары мен жағалауларға дейін кешенді түрде жүргізіп жатыр. Бұл ауданның бірыңғай жасыл кеңістігін қалыптастырады», — деп қосты Назира Тоғызбаева.

Сонымен қатар, 2026 жылы Әшімов, Тәжиев пен Асқаров көшесінде буферлік аймақтар абаттандырылмақ. Жоба аясында көшет егу, аумақты көгалдандыру, арық жүйесін қайта жаңғырту, автоматты суару жүйесін орнату, техникалық тротуарлар салу мен газон тақтасын төсеу жұмысы қарастырылған. Аталған жұмысты жүзеге асыруға 400 млн теңге бөлінген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкімдік #Наурызбай ауданы #Жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);