AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Нашақорлық, дропперлік және киберқауіптер: Алматыд...

Нашақорлық, дропперлік және киберқауіптер: Алматыда жастарға арналған форум өтті

Алматы 03.09.2026, 09:53 344
Нашақорлық, дропперлік және киберқауіптер: Алматыда жастарға арналған форум өтті

Алматыда С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші курс студенттерінің қатысуымен «Жарқын болашақ» қалалық профилактикалық форумы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараны Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР Ішкі істер министрлігі, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және қалалық Жастар саясаты басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Студенттерге интернет пен мессенджерлер арқылы жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың заманауи тәсілдері, мұндай әрекеттер үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ дропперлікке, интернет-алаяқтыққа, ойынға тәуелділікке және өзге де цифрлық қауіптерге байланысты тәуекелдер түсіндірілді.

Кездесуде жастарды қылмыстық әрекетке тарту әрекеттерін дер кезінде тану және құқыққа қайшы контентке қауіпсіз әрі дұрыс әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға профилактикалық бейнематериалдар көрсетіліп, ашық сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды.

Форум полиция мен жастар арасындағы тікелей диалогты нығайтатын кезекті алаңға айналды. Оның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру және қылмыстық әрекеттің кез келген түріне жол бермеу ұстанымын нығайту.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);