Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Музейде шеберлік сабақтары тегін өтті

Музейде шеберлік сабақтары тегін өтті

Әлеумет 19.05.2024, 10:11 902
Музейде шеберлік сабақтары тегін өтті
Almaty-akshamy.kz

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде де мереке. Халықаралық «Музей түні» іс-шарасы аясында өнерсүйер қауымның назарына музей қорынан алынған жәдігерлер негізінде «Жапон өнері. XVII-XXI ғасырлар» атты көрме ашылды және каталогтың тұсаукесері өтті.

“Қазақстанның жетекші өнер музейінің қорынан жапон өнерінің каталогын басып шығару екі ел арасындағы халықаралық мәдени өзара іс-қимылды нығайту мен жандандыруға септігін тигізеді деген үміттеміз”, - деді музей директоры Гүлайым Жұмабекова. 

Аталмыш каталогқа 250 шығарма кірді, олардың көпшілігі 1936 жылдан бастап музей қорына Мемлекеттік Шығыс өнері музейінен, Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейінен, Целиноград облыстық тарихи-өлкетану музейінен және т.б. берілді. Музейдің ғылыми қызметкерлері осы коллекцияны зерттеп, «Жапон өнері. XVII-XXI ғасырлар» атты каталогты дайындап, 150 жылдық тарихы бар, кеңсе және кәсіби цифрлық шығару саласындағы әлемдік көшбасшы KONICA MINOLTA KAZAKHSTAN компаниясының қолдауымен жарыққа шығарды. 
Сондай-ақ, әйгілі заманауи жапон суретшісі Каору Мори жасаған, қызықты әлемге енуге мүмкіндік беретін «Қалыңдықтың хикаясы» сериясының манга көрмесі ашылды.
Көрме экспозициясында жете орындалған иллюстрациялардың 207 парағынан тұратын осы серияның 14-томы ұсынылған. Олар Орталық Азияның жарқын және ерекше мәдениеті мен өмір салтын көрсететін әсерлі, әрі шиеленіскен оқиғаларды, әсерлі кейіпкерлерді сипаттайды.
Мерекелік іс-шара серіктесі «Ичикава» жапон орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану кафедрасының ұйымдастыруымен «XVII-XXI ғғ. жапон өнері» экспозиция залында оригами, каллиграфия, жапон тілін үйрену, темари (жіптен шар жасау өнері) бойынша шеберлік сабақтары тегін өтуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#музей #Қастеев музейі #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.