ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Музей түні» өнер мен тарихтың жаршысына айналмақ

«Музей түні» өнер мен тарихтың жаршысына айналмақ

Мәдени Алматы 14.05.2025, 12:54 673
«Музей түні» өнер мен тарихтың жаршысына айналмақ
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматының өмірі мәдени іс-шараға толықты. Осымен 20-рет ұйымдастырылғалы отырған «Музей түні» өнер мен тарихтың жаршысына айналмақ
Алматының өмірі мәдени іс-шараға толықты. Осымен 20-рет ұйымдастырылғалы отырған «Музей түні» өнер мен тарихтың жаршысына айналмақ
 
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде 17 мамыр күні кешкісін мәдени мереке — «Музей түні – 2025» өтеді. Бұл – халықаралық музей күні қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын, еліміздің өнері мен бай мұрасын құрметтейтін азаматтарды біріктіретін айтулы іс-шара. Биылғы «Музей түні» — мерекенің 20 жылдығына орайластырылып отырғандықтан, бұрынғыдан да мазмұнды әрі қызықты болмақ.
 
Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте музей басшылығы аталған күнгі іс-шаралар бағдарламасымен бөлісті.
 
Қазақстан Республикасының Орталық музейі алматылықтар мен қала қонақтарын тың дүниелермен қарсы алмақ. 18:00-ден 23:00-ге дейін жалғасатын «Музей – тарихтың айнасы: қазіргі қоғамдағы музейдің орны» атты мазмұнды бағдарлама көрермендер назарына ұсынылады. Осының аясында әлеуметтік, технологиялық және экологиялық өзгерістер белең алып отырған заманда рухани әрі мәдени дәстүрлердің маңыздылығы баяндалмақ.
 
Музейдегі негізгі бағыттар «Музей – рухани ошақ» және «Ерлік пен мемлекетшіл мінез – егіз ұғым» тақырыптарымен өрбиді. Шара барысында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына, сондай-ақ музыкатанушылар Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың мұрасына арналған көрмелер мен танымдық дүниелер өтеді.
 
«Сол күні Ұлы Отан соғысының қаһармандары Мәншүк Мәметова мен Боран Нысанбаевтың мемориалдық музейлері қатысатын «Музей шеруі» ұйымдастырылады», – деп хабарлады ҚР Орталық мемлекеттік музейі директорының міндетін атқарушы Сержан Бараханұлы.
 
Қонақтар назарына ұсынылатын басты шаралар:
• Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған Алтынемелдегі Мемориалдық музей көрмесі;
• М. Кенбаевтың, мүсінші Х. Наурызбаевтың және басқа да өнер иелерінің 100 жылдығына арналған «Шабыт жаңғырығы» атты мерейтойлық экспозиция;
• Суретші Юрий Проскурдың «Көшпендінің жан-дүниесі» атты жеке көрмесі;
• Төте жазу, латын және кириллица графикасымен жазылған хаттардың пошта маркалары, Морзе аппараты және заманауи коммуникация құралдарымен байланысын көрсететін ерекше көрме. Мұнда Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ә. Марғұлан, М. Әуезов сынды тұлғалардың хаттары мен құжаттарының көшірмелері, сондай-ақ қарапайым халықтың Е. Өмірзақовқа, І. Есенберлинге, М. Ғабдуллинге жазған хаттары да көрермен назарына ұсынылады.
 
Көрменің ең ерекше бөлігі — музей қорындағы сирек жәдігерлер қойылатын «Қордың жауһары» атты экспозиция. Сонымен қатар, қонақтар Гварнери мен Страдивари шеберлерінің өнер туындыларымен танысып, классикалық музыка мен ұлттық аспаптардың әуезді сазына қаныға алады.
 
Бұдан бөлек, Ахмет Жұбанов, Ғазиза Жұбанова және Нұрғиса Тілендиевтің мемориалдық музейлерінің экспонаттары да ұсынылады.
 
Мерекелік бағдарлама аясында музейдің ғылыми кітапханасында «Білім жүйесін дамыту», «Отбасы хрестоматиясы» атты кітап жәрмеңкесі, сондай-ақ «Өнердің құдіретті күші» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
 
«Халықаралық музей күні аясында Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Мәдени өкілдігі «Иранның дәстүрлі мәдениеті мен өнері» атты көрме өткізеді. Қонақтар парсы каллиграфиясымен танысып, Исфаһаннан арнайы келген шеберлер — Нафиса Оруджи, Мәриям Жафари және Хоссеин Хушбатенмен тікелей тілдесе алады», – деп толықтырды Сержан Бараханұлы.
 
Сонымен қатар, келушілерге реставрация бойынша шеберлік сағаттарға қатысу, ғылыми интерактивтерге араласу, музей квесттері мен танымдық ойындарға қатысу мүмкіндігі де ұсынылады.
 
«Музей түні-2025» — Қазақстанның бай мәдениетін сезініп, оның рухани мұрасымен танысқысы келгендердің таным-түсінігін арттыратын тамаша мүмкіндік.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.