Елдің болашағы әрқайсымызға байланысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бүгін қазақстандық танымал өнерпаз Мұрат Мұтырғанов әкесі, белгілі цирк әртісі Кәрім Мұтырғановпен бірге сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты.
«Біз үшін мұндай маңызды науқаннан шет қалмай, дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымым білдіру маңызды. Елдің болашағы әрқайсымызға байланысты», – деді Мұрат Мұтырғанов.
Оның әкесі Кәрім Мұтырғанов та сайлауға қатысудың маңызына тоқталды:
«Біз әрдайым жас ұрпаққа азамат болу елдің болашағы туралы айтып қана қою емес, оны қалыптастыруға тікелей атсалысу екенін өз ісімізбен көрсетуге тырыстық».
Әкелі-балалы өнерпаздар елдің қоғамдық өміріне отбасымен бірге атсалысу дәстүрін жалғастырып, сайлау учаскесіне бірге келді.