ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мұқағалиды қорлаған блогерге қатысты сот басталды

Мұқағалиды қорлаған блогерге қатысты сот басталды

Заң мен тəртіп 02.05.2025, 12:36 823
Мұқағалиды қорлаған блогерге қатысты сот басталды
интернеттен
Алматыдағы Наурызбай аудандық сотында Мұқағалиды "сорлы еркек" деген блогер Әлішер Теменовке қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Алматыдағы Наурызбай аудандық сотында Мұқағалиды "сорлы еркек" деген блогер Әлішер Теменовке қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Блогердің үстінен Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев шағым түсірген. Ол Теменовке қатысты Қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-тармағы "Қорлау" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды сұраған. Қылмыстық істі Алматының Наурызбай аудандық сотында судья Бейнегүл Қайсина қарады.
Ал Теменов адвокат жалдамақ болған, бірақ әлі таппапты. Ол сотқа ресми өкілі Мейірман Шекеевпен келді.

Әлішер Теменов сот залында журналистердің өзін түсіруіне қарсылық білдірді. Блогердің ресми өкілі судьяға соттаспай-ақ татуласуға келіп едік деді.

"Бұл екі кісі түптеп келгенде туыс. Бір атаның балалары. Негізі Теменов өз әрекеті үшін кешірім сұраған, мүмкін сізден кешірім сұрамаған шығар. Өзім де қарсы болғанмын. Бірақ біздің көмекке жүгінген соң көмектесейік деп шештік. Мүмкін болса сізден кешірім сұрасақ деп едік", - деді блогердің ресми өкілі Мейірман Шекеев Мұқағалидың ұлы Жұлдыз Мақатаевқа.

Судья 10 минут үзіліс жариялап, екі тарапқа татуласуға мүмкіндік берді.

"Мен күйзеліске түстім, біздің атымызға нұқсан келтірді, моральдық шығын келтірді. 10 млн теңге моральдық шығын өтесін. Желіде кешірім сұрасын. Ары қарай көреміз", - деді Жұлдыз Мақатаев сотта.

Ал блогердің ресми өкілі келісіп көреміз дегенді айтты.

Былтыр 8 қазанда блогер Әлішер Теменов әлеуметтік желіде Мұқағали Мақатаевты былапыт сөздермен қорлап бейнежазба жариялады. Алайда блогер бейнежазбаларын өшіріп үлгерген, бірақ видео лезде халыққа тарап кетті. Мұқағалидың жерлестері бұл қорлыққа шыдамай, Теменовтың үйіне дейін барып, іздеу салған. Артынан блогер мен әкесін Мұқағалидың туған жері Қарасазға апарып, халықтан кешірім сұратты.

Әлішер Теменов Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сұңқар ауылының тұрғыны. Ол сотта бір қызы барын және әйелінің екінші балаға жүкті екенін айтты. Тұрақты жұмысы жоқ, тек блогерлікпен айналысады. Алғаш рет сотталып жатыр.
Ол журналистерге қандай да бір уәж айтудан бас тартты.

Ал Мұқағалидың баласы Жұлдыз Мақатаев:
"Осы күнге дейін алдыма келіп кешірім сұрамады. Күйзеліске түстім. Әкем Мұқағали "балам, мені халық жамандасын, өйткені пендемін, бірақ менің шығармаларымды жамандаған адамды кешірмеймін" деп еді. Теменов не үшін бұлай айтқанын түсіндірмеді, бірақ өкінетінін айтты", - деді Жұлдыз Мақатаев.

Сот ары қарай жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.