ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / «Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде арнайы жү...

«Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды

Әлем 12.09.2022, 11:40 1,703
«Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды
Сурет:Казахфильм
Жүлде фильмдегі басты кейіпкерді сомдаған актер Асланбек Жанбалаевқа берілді.

Жүлде фильмдегі басты кейіпкерді сомдаған актер Асланбек Жанбалаевқа берілді.


Қазақстандық екі фильм Қазандағы халықаралық мұсылман кинофестивалінде жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Көрермен көзайымы» жүлдесін Татарстан мен Қазақстанның бірлескен жобасы – «Тарлан» фильмі алды. Марапатты табыстау үшін фильмнің режиссері Юлия Захарова, фильмнің қазақстандық тараптағы бас продюсері Алмагүл Тілеуханова және фильмнің бас кейіпкері Бекежан Маясаров шақырылды.


Қазылар алқасының арнайы жүлдесі «Мұқағали» (Қазақстан) фильміне бұйырды. Бұл туынды қазақтың ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған және фильм оның өмірінің соңғы жылдарын баяндайды.


«Мұқағали» фильмінің режиссері – Болат Қалымбетов. Фильмнің әлемдік тұсаукесері «Қараңғы түндер» 25-ші Таллин кинофестивалі (PÖFF) аясында өтіп, онда қазақстандық фильм экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды.


Осы жылдың наурыз айында биографиялық картина Кералада (Үндістан) өткен 26-шы халықаралық кинофестивалдің «Әлемдік кино» номинациясы бойынша ұсынылды.


7-11 қыркүйек аралығында Татарстан астанасында Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалі өтті. XVIII Қазан мұсылман кинофестивалі аясында жұртшылық назарына кинофорумның конкурстық және байқаудан тыс бағдарламаларының 120-дан астам кинотуындысы ұсынылды. Кинокөрсетілімдерін 10 мыңнан астам көрермен тамашалады.


Іскерлік алаңға Ресей аймақтары мен алыс-жақын шет мемлекеттерден киноиндустрия саласының 165 өкілі қатысты. Негізгі байқау бағдарламасына Түркия, Қазақстан, Үндістан, Иран, Бангладеш, Мысыр фильмдері, сондай-ақ бірлескен өндірісте түсірілген екі фильм кірді. Биыл әлемнің 44 елінен барлығы 625 кинотуынды тіркелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.