ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / "Мұндай реакция күтпедім". Танымал трендті ойлап т...

"Мұндай реакция күтпедім". Танымал трендті ойлап тапқан қазақстандық қыз әлемді қалай билетті?

Мәдениет 11.12.2025, 10:19 436
"Мұндай реакция күтпедім". Танымал трендті ойлап тапқан қазақстандық қыз әлемді қалай билетті?
Сурет: aqshamnews.kz коллажы
TikTok желісінде кең тарап жатқан TYLA есімді әртістің әнін естіген боларсыз? Әлеуметтік желіні аша қалсаң мың бұрала билеп жатқан жастарды көресің. Тіпті ән авторының өзі де тренд болып таралған...

TikTok желісінде кең тарап жатқан TYLA есімді әртістің әнін естіген боларсыз? Әлеуметтік желіні аша қалсаң, мың бұрала билеп жатқан жастарды көресің. Тіпті ән авторының өзі де тренд болып таралған биге бейне түсіріп, бағалап жатыр. Ал дәл осы әлем билеп жатқан трендтің авторы қазақ қызы десем сенесіз бе? 21 жастағы қарағандылық ару миллиондаған жұрттың сүйікті биіне айналған тренді таратты. Аqshamnews.kz тілшісі онымен тілдесіп, әңгіме тарқатты. 

Қарағандыдан шыққан қаршадай қыз қалай әлемді "билетті"?

Альбина Оспанова - Қарағанды қаласының тумасы. Ол жастайынан шығармашылыққа қызығып, өнерден шабыт алып өскен қыз. 

"Ес білгелі бимен айналысамын. Өнерді, шығармашылықты сүйемін", – дейді ол.

Қазір Альбина би үйретіп, өз хореографияларын қойып, әлеуметтік желіге контент түсіреді. Бүгінде ол назарын би өнеріне бұрып, тренд контент жасауға және жеке жобаларын дамытуға ден қойған. 

Сонымен қатар, ол модель ретінде Bacca Models агенттігімен жұмыс істейді. Тіпті модельдік келісімшарт бойынша Кореяда да болып қайтқан. Музыка, өнер, мода әлемін жіті қадағалап, түрлі елдердің мәдениеті мен тілін зерттеуге қызығады. 

"Бірнеше минут ішінде қойылған би еді"

TYLA әніне түсірілген трендтің тарихы тосыннан туған. Бұл туралы Альбина былайша әңгімеледі. 

"Бұл тренд мүлде жоспарсыз туды. TikTok-ты қарап отырғанда TYLA-ның әлі толық шықпаған жаңа әнінің үзіндісі кездесе кетті. Әуенді тыңдап отырып, битке жақсы түсетін қимыл қосқым келді. Шамамен бірнеше минут ішінде қозғалыстарды ойлап тауып, видеоны түсірдім де, ештеңе ойламай жүктеп жібердім", – дейді Альбина.

Осылайша "ойда жақта туған тренд" аз уақыт ішінде түрлі елге тарап, вирусқа айналады.

TYLA мен оның командасы қалай байқады?

Алғашында Альбина ешқандай ғаламдық эффект күтпеген.

"Шынымды айтсам, бұл тренд осылай бүкіл әлемге жайылады деп ойлаған жоқпын. Алғашқы белгілер шыққанда “міне, максимум осы шығар” деп ойладым. Бірақ бірнеше күннен кейін түрлі елдерден, түрлі танымал бишілер мен айдолдардан видеолар шыға бастады. Бұл мен үшін бір шетінен өте жағымды әсер қалдырып, бір шетінен қатты толқытты", – дейді Альбина. 

Талайды таңғалтқан тренд TYLA-ның өзін де, командасын да айналып өтпеді. Әртістің өзі де видеоларды көріп, белгілеп, лайк басқан. Тіпті қазір ол концерттерінде Альбина шығарған биді билеп жүр. 

"Олар менің видеомды көрді, мүмкін есінде де сақтап қалған шығар. Командасының трендті байқап, реакция білдіруі - менің шығармашылығым үшін үлкен жетістік", – дейді ол.

Ең үлкен қуаныш – жақындарының реакциясы.

"Барлығы мен үшін шын қуанды. Отбасым мені мақтан тұтып, ал достарым менімен бірге отырып алып мониторинг жасап, “қай айдолдар сенің трендіңді билеп жатыр екен?” деп бірге қарап отырды. Әрқашан қолдап, бірге қуанғандары үшін оларға өте ризамын", – дейді ол.

Альбинаның арманы не?

Альбинаның ендігі мақсаты – өзін би индустриясында әлемдік деңгейде таныту.

"Танымал әртістермен, ірі компаниялармен жұмыс істегім келеді. Көбірек хореография, тренд ойлап тауып, әлемдік комьюнити ішінде аты бар, стилі мен вайбы бірден танылатын адам болсам деймін", – дейді ол.

Сонымен қатар, ол өзін контент жасаушы ретінде де дамытуды көздейді: билер, влогтар, шабыт беретін жобалар түсіргісі келеді.

"Қысқасы, шығармашылығымды көрсетіп, өзімді дамытуға мүмкіндік беретін кез келген ұсыныстан қашпаймын. Көбірек ел көргім келеді, тіл үйренгім келеді, би арқылы әлеммен тілдескім келеді", – дейді Альбина.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.