Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Мұнай тасымалдаудың басқа балама бағыттары пысықта...

Мұнай тасымалдаудың басқа балама бағыттары пысықталып жатыр – ұлттық компания

Әлеумет 13.08.2022, 08:24 1,784
Мұнай тасымалдаудың басқа балама бағыттары пысықталып жатыр – ұлттық компания
Сурет: Ашық дереккөзі

ҚазМұнайГаз қазіргі уақытта мұнайды Каспий құбыр консорциумы жүйесінен басқа бағыттар арқылы да экспорттауда


«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдау туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«ҚазМұнайГаз қазіргі уақытта мұнайды Каспий құбыр консорциумы жүйесінен басқа бағыттар арқылы да экспорттауда. Атап айтқанда, Атырау-Самара, сондай-ақ Қытай бағытындағы Қазақстан-Қытай құбыры, Ақтау порты (Махачкала/Баку) бағыттары қолжетімді. Сонымен қатар компания мұнайды тасымалдау бағыттарын әртараптандыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізуде. Мұнай тасымалдаудың басқа да тиімді балама бағыттары қазіргі уақытта пысықталып жатыр»- делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Айта кетсек, әлемдік Reuters агенттігінде Қазақстан Әзербайжан аумағымен өтетін мұнай құбырлары арқылы жылына 1,5 миллион тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр деген сыңайда мақала жарияланды.



Бұл ретте Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры арқылы 1,5 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Ақпараттық ресурста айтылып жатқан көлеммен біздің экспорттық бағыттағы проблеманы шешу ақылға сыймайды. Неге? Өйткені, біріншіден, аталған бағытпен 1,5 млн тонна мұнайды экспорттау қазіргі ахуалды айтарлықтай жеңілдетпейді. Екіншіден, біздің министрлікте дәл мұндай келісімге қол қою жоспары жоқ», -деді министр.



Оның үстіне бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдау ісін әртараптандыруды маңызды міндет деп атап, тиісті тапсырма берген еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #компания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.