Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған...

«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметі қалай жүзеге асады?

Әлеумет 04.04.2024, 06:27 873
«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметі қалай жүзеге асады?
almaty-akshamy.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметі үшін проактивті форматты іске асырды.


Шығындардың жоғарыда көрсетілген түрін өтеу бала толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болмаған жағдайда, отбасының табысына қарамастан ата-аналардың біріне беріледі.


Бұған дейін осы көрсетілетін  мемлекеттік қызметті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалына барып немесе eGov порталына өтініш жазу қажет болатын.



Енді мобильді азаматтар базасында телефон нөмірін тіркеген жағдайда, көрсетілген әдістермен қатар қызметті 1414 нөмірінен тек бір SMS-ке жауап беру арқылы алуға болады.



Мемлекеттік қызметті проактивті көрсету процесі мүгедектігі бар баланы үйде оқыту туралы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер келіп түскен кезде автоматты түрде басталады.


Келісім алғаннан кейін жүйе көрсетілетін қызметті алушының деректерінің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша төлем тағайындау туралы шешім немесе дәлелді бас тарту қабылданады.


Тағайындалған қаражат хабарламаға жауап беру кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен банк шотына аударылады.


Осылайша, проактивті формат қазақстандықтарға үйден шықпай және көп уақыт жұмсамастан, қажетті қызметті алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді, өйткені мемлекеттік қызмет көрсетуге аз адам қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #ана #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.