AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мұғалімдердің құқықтарын бұзу оқиғалары төмендеді

Мұғалімдердің құқықтарын бұзу оқиғалары төмендеді

Білім және ғылым 20.12.2022, 12:21 1,446 Almaty-akshamy
Мұғалімдердің құқықтарын бұзу оқиғалары төмендеді
Сурет: Ашық дереккөз

Биыл 25 әкімшілік іс қозғалған.


"Педагог мәртебесі туралы" заңның арқасында Қазақстанда мұғалімдердің құқықтарын бұзу саны айтарлықтай азайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Мысалы, 2021 жылы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне «Педагог мәртебесі туралы» заң нормаларының сақталмауы туралы 105 өтініш түскен болса, биыл 67 өтініш тіркелген.


Мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік істер де азайған. Былтыр 56, биыл 25 әкімшілік іс қозғалды. Олардың барлығына тиісті шаралар қабылданды.


Яғни, 2019 жылы қабылданған заң мұғалімдерді міндетіне жатпайтын қызметтерге тартуға тыйым салып, артық есеп беруді талап ету және мұғалімдердің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікті қамтамасыз етті.



«Мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілері барынша азайды. 2019 жылға дейінгі жағдай мен «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейінгі жағдайды салыстыруға келмейді. Мектептер әкімдіктердің қарамағында болғандықтан, мұғалімдер қоғамдық орындарды тазалауға жиі тартылатын, олар бірқатар іс-шарада «массовка» болатын, жөндеу жұмыстарына қатысып, көптеген газетке жазылатын, үй-үйді аралап, басқа да міндетіне жатпайтын жұмысқа тартылатын. Енді мұндай жағдайлар қысқарып, жойылды деуге болады. Барлық лауазымды тұлға бірден жауапқа тартылады. Заң қабылданған алғашқы жылы мыңнан астам рет заң бұзылып, көп басшыны жазалауға тура келсе, қазір бұл көрсеткіш күрт азайды», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#педагог #заң #құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);