Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Мона Лиза» сорпаға малынды

«Мона Лиза» сорпаға малынды

Әлеумет 29.01.2024, 06:15 1,202
«Мона Лиза» сорпаға малынды
Сурет: Dw.com

Францияда екі эко-белсенді күні кеше Париждегі Луврда қойылған Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» картинасына сорпа банкаларын лақтырды.


Кескіндеме шедеврі оқ өткізбейтін әйнекпен қорғалған, сондықтан ол зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Le monde басылымының мәліметінше, қорғаныс әйнегіне сорпа шашқаннан кейін, әйелдер қоршаудың астына кіріп, суреттің жанына барып, олардың бірі курткасын шешіп, айналасындағыларға «Riposte Alimentaire» деп жазылған ақ футболкасын көрсетті.



Riposte Alimentaire (Food Response) — Dernier Renovation экогруппасының тармағы, олар өздерінің бұл әрекетін климаттық және әлеуметтік деңгейде «қоғамды түбегейлі өзгерту мақсатында француздық азаматтық қарсылық науқаны» ретінде көрсетеді. Riposte Alimentaire - Ұлыбританиядағы Just Stop Oil қоса алғанда, әлемнің 12 еліндегі A22 «наразылық топтары желісінің» бөлігі. «Біз әлеуметтік күйреудің алдын алатын соңғы ұрпақпыз», — делінген қозғалыс сайтында.



«Қайсысы маңызырақ, өнер ме, әлде дұрыс және тұрақты тамақтану құқығы ма? Біздің ауылшаруашылық жүйеміз нашарлаған. Біздің фермерлер жұмыстарынан айырылуда. Әрбір үшінші француз күн сайын тамақтанбайды», — деп дауыстады белсенділер мұражай қауіпсіздік қызметкерлері оларды қоршап алғанға дейін.


Естеріңізге сала кетейік, негізі осы «Мона Лизаға» 1956 жылы да шабуыл жасалған. Көрме кезінде қонақтардың бірі суретке күкірт қышқылын шашып жіберіп, оның төменгі бөлігін бүлдірген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мона Лиза #эко-белсенділер #сорпа лақтыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері алдағы республикалық референдумға қолдау білдірді

Бүгін 20:38

Ақпараттық науқанға еліміздің барлық өңірінің жастары белсенді қатысып жатыр

Бүгін 19:13

Әлеуметтік сала өкілдерінің үні – конституциялық өзгерістерді қолдауға бағытталған

Бүгін 19:04

Түркістан әуежайына 14 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін 17:47

1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыландыруға қол жеткізді

Бүгін 17:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі