ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Miss Qazaqstan 2025 байқауының финалы алғаш рет Ал...

Miss Qazaqstan 2025 байқауының финалы алғаш рет Алматы метросында өтеді

Не? Қайда? Қашан? 18.06.2025, 15:38 1,448
Miss Qazaqstan 2025 байқауының финалы алғаш рет Алматы метросында өтеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ұлттық Miss Qazaqstan 2025 сұлулық байқауы биыл ерекше форматта өтеді. Ақтық кезең Алматы метрополитенінде, нақтырақ айтқанда – Мұхтар Әуезов атындағы станцияда ұйымдастырылады. Бұл туралы байқау...

Ұлттық Miss Qazaqstan 2025 сұлулық байқауы биыл ерекше форматта өтеді. Ақтық кезең Алматы метрополитенінде, нақтырақ айтқанда – Мұхтар Әуезов атындағы станцияда ұйымдастырылады. Бұл туралы байқау директоры Айжан Рузаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, метро –  қатынас құралы ғана емес, мәдени өзгерістер мен урбанистиканың нышаны. Сол себепті байқаудың биылғы тақырыбын «Таңдау еркіндігі» деп қойған.

«Алматының метросы - мәдени алаң да. Біз байқауды халыққа жақын еткіміз келеді. Архитектура мен қалалық атмосфера аясында өтетін финал нағыз есте қаларлық оқиға болмақ», - деді Айжан Рузаева.

Биылғы Miss Qazaqstan шоуы сұлулық, сән, технология мен  қала атмосферасын біріктірмек. Ұйымдастырушылар Мұхтар Әуезов атындағы станцияны бекер таңдамағанын айтады. Метро – түрлі оқиғалар мен тағдырлар да тоғысқан жер.

Спикерлердің айтуынша, іріктеу 15 қалада өтіп жатыр. Қатысушыларға тек сыртқы сұлулық емес, ішкі әлемі, белсенділігі мен көзқарасы бойынша да талап қойылады.

«Бізге жай ғана сұлу қыз емес, ойы терең, шабыттандыра алатын, қазіргі қазақ әйелінің бейнесін - еркін, батыл әрі саналы тұлғасын көрсете алатын арулар қажет», - деді ұйымдастырушылар.

Байқаудың PR-менеджері Құралай Құрман финал өтетін орынның ерекшелігіне де тоқталды.

«Miss Qazaqstan байқауын сән сахнасы етіп қана қоймай, әркім өзін көрсететін, шабыт сыйлайтын еркін алаңға айналдырғымыз келеді. Сұлулық деген – шектеу емес, адам өз ойындағысын ашық айтатын үлкен мүмкіндік те екенін де қоғамға жеткізбекпіз», - дейді ол.

Miss Qazaqstan 2025 байқауының мәресі жай ғана сән шарасы емес, нағыз мәдени манифест болмақ. Көркем сахна, цифрлық технологиялар, жанды музыка мен ерекше сәулет тоғысатын бұл оқиғаны қала тұрғындары да тамашалай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.