ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Міржақып Дулатұлы туралы сериалдың түсірілімі баст...

Міржақып Дулатұлы туралы сериалдың түсірілімі басталды

Не? Қайда? Қашан? 19.08.2022, 04:36 2,066
Міржақып Дулатұлы туралы сериалдың түсірілімі басталды
Сурет: Turkystan.kz
Телехикая «Міржақып. Оян, қазақ!» деп аталады.

Телехикая «Міржақып. Оян, қазақ!» деп аталады. 


Міржақып Дулатұлы туралы телехикаяның түсірілімі басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Тарихи туындыда Алаш қайраткерінің ұлт мүддесі жолындағы ерен еңбегі мен қилы тағдыры суреттеледі. Алты бөлімнен тұратын сериалды былтыр «Ахмет. Ұлт ұстазы» хикаясын түсірген шығармашылық топ қолға алды.


Телехикаяда Міржақыптың қоғамдық-саяси қызметі, сол дәуірде басты ұранға айналған «Оян, қазақтың» шыққан уақыты көрсетіледі. Сонымен қатар, Алашорда кезеңі мен Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі ұлт зиялыларының қудалауы суреттеледі. Басты рөлдегі актер - Бақыт Қажыбаев.



«Міржақыптай тұлғаны сомдау үшін үлкен дайындық қажет етеді. Барынша дайындалуға тырыстым. Әлі де күмән өте көп. Зерттейтін тұстары өте көп. Бұл енді съемка барысында режиссермен ақылдасып отырып, әңгімелесе келе, тағы да көбірек дайындық болады деген үміт бар», - дейді басты кейіпкер рөліндегі актер Бақыт Қажыбаев.



Бұл сериал «Ұлт ұстазы. Ахмет» телехикаясының параллелі іспетті. Бұл туындыда да Әлихан Бөкейханның рөлін Бауыржан Қаптағай, Ахмет Байтұрсынұлын Байғали Есенәлиев ойнайды. Фильмге дайындық сәуірден басталды. Деректер зерттелді, естеліктер оқылды, мамандар тарихқа үңілді. Бұл ретте, сирек қолжазбалар қорынан 1910 жылы шыққан «Оян, қазақ» кітабы алынған. Оның көшірмесі жасалып, телехикая арқылы көрерменге ұсынылмақ.



«Міржақып Дулатұлының басқа Алаш қайраткерлерінен ерекшелігі десе де болады, ол кісінің өзінің туған қызы Гүлнар Дулатова бертінге дейін біздің арамызда өмір сүрді. Өте мол мұра қалдырып кетті артына. Тек әкесі туралы емес, барлық алашордашылар жайлы. Бізге біраз қазына болды», - дейді «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының режиссері Мұрат Есжан.



Тарихи туындының түсіріліміне бас-аяғы 80 актер қатысып жатыр. Сондай-ақ, 200-дей адамның қатысуымен көпшілік сахналары түсіріледі. Режиссерлік топ түсірілімді қазан айында аяқтайды. Ал «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясын көрермен назарына ұсыну желтоқсанға жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.