Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Министрлік қантқа қатысты жағдайды реттеу үшін не...

Министрлік қантқа қатысты жағдайды реттеу үшін не істеп жатыр

Әлеумет 30.07.2022, 09:15 1,282
Министрлік қантқа қатысты жағдайды реттеу үшін не істеп жатыр
Сурет: Egemen.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің ішкі нарығын қантпен қамтамасыз ету шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Бұл саладағы жағдайды өзгерту үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Қазақстан Республикасының отандық қант нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі 2022 – 2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді», - делінген министрліктің ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.



Сонымен қатар бұл саладағы мәселелерге қатысты фермерлермен және зауыт иелерімен кездесулер өткізіліп, келіссөздер жүргізілді.



«Осы орайда зауыттардың сатып алу бағасын тоннасына 3-5 мың теңгеге ұлғайта отырып, 15 мың теңгеге дейін жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл ретте облыс әкімдіктері тарапынан субсидиялау нормативі де 15 мың теңгеге дейін ұлғайды. Субсидияларды төлеу өңдеуші кәсіпорынға өңдеуге тапсырылған немесе өзінің өңдеуші құрылымдарына өңдеуге берілген қант қызылшасы өнімінің тоннасы үшін жүзеге асырылады. Бұл шаралар қант қызылшасын өсірудің рентабельдігін сақтауға мүмкіндік береді», - деп аталып өткен ведомство мәліметінде.



Мұнымен қоса, сумен қамтамасыз ету бойынша бағдарламалар қабылданады.



«Су тапшылығы проблемасын шешу бағытында суды үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу қарастырылған. Тамшылатып суару және жаңбырлатып суару жүйелерін сатып алуға арналған жеңілдікпен несие беру бағдарламасы енгізіліп жатыр. Бұдан бөлек, жабдықты сатып алуға салынған инвестициялардың 50 пайызын қайтаруды, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуді көздейтін субсидиялау бағдарламасы жалғасады», - деп аталып өткен ведомство мәліметінде.



Атап айтқанда, қант қызылшасын өңдеп-өсіруге басқа өңірлерді тарту мәселелері қарастырылып жатыр. Ертіс-Қарағанды каналы аймағында инвестор есебінен жаңа қант зауытын салу сияқты мәселелер қосымша пысықталып отыр.



«Қабылданып жатқан шаралар 2026 жылға қарай қант қызылшасының алқабын 30 мың гектарға жеткізуге мүмкіндік береді», - делінген министрлік ақпаратында.



Бұдан бұрын хабарланғандай, Ауыл шаруашылығы министрлігі қант қызылшасы алқаптарын кеңейтуге не кедергі болып отырғанын түсіндірген еді.


Биыл Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қант өңдеу зауыттарының жұмысы мен қант қызылшасы алқаптарының азайғанын сынға алған еді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қант тапшылығы #министрлік #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.