Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Министрлік қалалық автобус маршруттарын субсидияла...

Министрлік қалалық автобус маршруттарын субсидиялау мәселесі талқыланды

Әлеумет 19.01.2024, 09:59 1,188
Министрлік қалалық автобус маршруттарын субсидиялау мәселесі талқыланды
Сурет: Gov.kz

Өткен жылы әлеуметтік маңызы бар қалалық автобус маршруттарын субсидиялауға шамамен 216 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл мақсатта 242 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр


Бүгін ҚР Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаевтың төрағалығымен министрлік ғимаратында жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 


Ашық талқылау форматында өткен отырыс барысында қалалық маршруттарды субсидиялау, автобус паркін жаңарту, тарифтік комиссиялардың жұмысы және тарифтерді белгілеу, электрондық билеттеу жүйесіне қатысты мәселелер қарастырылды. Кездесуге министрліктің, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдар, заңды тұлғалар бірлестігі, Өнеркәсіпті дамыту қорының өкілдері, автобус шығаратын зауыттар мен тасымалдаушылар қатысты. 


Кездесу барысында автобус жүргізушілерінің тапшылығы мәселесіне де қатысты сұрақтар талқыланды. Мәселен, Ақмола облысында жолаушыларды тасымалдауға негізінен зейнет жасына жеткен жүргізушілер тартылған екен. Осыған ұқсас мәселе елдің барлық дерлік аймақтарында бар. Тасымалдаушылар D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін жас шегін төмендетуді, сондай-ақ жүргізушіден қоғамдық көлікті басқаруға рұқсат бермес бұрын шағын автобуста 3 жылдық тәжірибесінің болуын талап ететін норманы алып тастауды сұрайды.


Сөз кезегінде кеңеске қатысушылар ведомство басшысына өзекті мәселелерді шешу барысында ұйымдастырылған ашық әңгіме үшін ризашылықтарын білдірді. Кеңесті қорытындылай келе, Марат Кәрімжанұлы келіп түскен ұсыныстарды тағы бір мәрте пысықтауды сұрап, аталған мәселелер алдағы уақытта жіті зерделенетінін айтып жеткізді. Іс-шараға қатысушылар биыл ақпан айының соңында қайта кездесу туралы уағдаласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көлік министрлігі #автобус маршруттары #субсидиялау #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.