AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Министрлік аспандағы ерекше нысанның неден пайда б...

Министрлік аспандағы ерекше нысанның неден пайда болғанын айтты

Мұны білген жөн 06.06.2025, 11:20 992 Сұлу
Министрлік аспандағы ерекше нысанның неден пайда болғанын айтты
Видео кадры
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Астана аспанындағы белгісіз нәрсенің не екенін түсіндірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

5 маусымнан 6 маусымға қараған түні Орталық және Солтүстік Қазақстан тұрғындары, оның ішінде Астана, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларының халқы аспанда жарқыраған құбылысқа куә болды.

"Бұл бұрын орбитада болған ғарыш нысандарының бірінің атмосфераға енуіне қатысты болуы мүмкін", – деді министрлік.

Ғарыштық қалдықтардың қозғалысын бақылайтын халықаралық ұйымдардың деректеріне сәйкес, дәл осы уақыт аралығында үш жағдай тіркелген, олардың әрқайсысы байқалған құбылысты тудыруы мүмкін. Атап айтқанда, Қытайдың ZQ-2E зымыранының үдеткіш блогы.

  • Атмосфераға ену уақыты: 5 маусым, Астана уақытымен шамамен 22:40.
  • Нысан: LandSpace компаниясы 17 мамырда ұшырған Zhuque-2 Enhanced зымыранының сатысы.
  • Ерекшелігі: Экологиялық таза отын (сұйық метан мен оттегі) пайдаланылады, жану кезінде айқын жарық шығарады. 

Бұл нысан уақыт жағынан және көрініс сипаттамасы бойынша Қазақстан тұрғындарының байқаған құбылысына дәлме-дәл сәйкес келеді.

Министрлік мәліметінше, екінші нысан – STARLINK-1631 (SpaceX) спутнигі. Атмосфераға ену уақыты: 6 маусым, Алматы уақытымен 03:41. Ескі спутниктердің бірінің жоспарлы орбитадан шығуы.

Ал үшіншісі – жапониялық H-2A R/B зымыранының үдеткіш блогы. Оның атмосфераға ену уақыты: 6 маусым, Алматы уақытымен 00:36. Нысан пассивті орбитадан шығу режимінде болған.

"Қазір Қазақстан Республикасы аумағына қандай да бір фрагменттердің құлағаны немесе залал келтіргені туралы расталған ақпарат жоқ. Мұндай нысандар, әдетте, атмосферада толық жанып кетеді (ірі бөліктердің Қазақстан аумағына құлауы екіталай), ал құбылыстың өзі көрнекі болғанымен, қауіпсіз үдеріс болып саналады", - делінген хабарламада. 

Министрлік азаматтардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #аспан #ғарыш. #қалдық #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);